Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Иранның сыртқы істер министрлігі Парсы шығанағы елдеріне үндеу жасап, Иранның «өзін-өзі қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи елдің өзін-өзі қорғау құқығы аясында барлық әскери құралдарын пайдаланатынын айтты.

Мәлімдемеде Арагчи Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Кувейт, Бахрейн және Ирактағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлескені айтылған. Ол Иранның аумақтық тұтастығын қорғау үшін «өзін-өзі қорғауға заңды құқығы шеңберінде барлық қорғаныс және әскери мүмкіндіктерін» қолданатынын жеткізген.

Сондай-ақ Арагчи аталған елдерге АҚШ пен Израильдің шабуыл жасау үшін олардың нысандары мен аумақтарын «заңсыз пайдалануының алдын алу жауапкершілігін» еске салды.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Иран соққылар салдарынан қаза тапқандар бар екенін мәлімдеді.  Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласындағы (Хормозган провинциясы) қыздарға арналған мектептің 24 оқушысы қаза тапқанын, сонымен қатар 40 адам қайтыс болып, 48 адамның зардап шеккенін  IRNA хабарлады. Ал Tehran Times жергілікті билікке сілтеме жасап, 24 адамның көз жұмғанын жазды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар