Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
Фото: Oxu.Az
Ирактың исламдық қарсыласу қозғалысы АҚШ әскери қызметкерлерінің орналасқан жері туралы ақпарат үшін 50 миллион ирак динары көлемінде сыйақы тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz Fars News Agency сілтеме жасап.
Шииттік қарулы топ Ирак аумағындағы америкалық әскери қызметкерлердің орналасқан жері туралы мәлімет берген азаматтарға сыйақы берілетінін мәлімдеді. Топтың айтуынша, америкалық әскери қызметкерлер мен АҚШ барлау қызметінің өкілдерін анықтауға немесе ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 50 миллион ирак динары (шамамен 38 мың доллар) төленеді.
Мәлімет беретін адамдарға толық құпиялылық сақталатыны уәде етілді.
«Ирактың исламдық қарсыласуы» — Ирактағы Иранды қолдайтын шииттік исламшыл көтерілісші топтардың жиынтық атауы.
12 наурыз күні Моджтаба Хаменеи Хезболла қозғалысына және Ирактың исламдық қарсыласу қозғалысы жасағына АҚШ пен Израильмен қақтығыста Иранды қолдағаны үшін алғыс білдірген.
Ал 5 наурызда «Ирактың исламдық қарсыласуы» MQ‑9 Reaper америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын жойғанын мәлімдеген. Дрон Ирактың солтүстігіндегі Салах-әд-Дин провинциясы аспанында атып түсірілген.
Енді олар Ирактың Исламдық қарсыласуының мәлімдемесінде айтылғандай, Ирак аумағында жүрген АҚШ-тың жоғары лауазымды басшылары, офицерлері және қауіпсіздік қызметкерлерінің орналасқан жері, қозғалысы немесе позициялары туралы нақты әрі сенімді ақпарат берген кез келген адамға 150 миллион ирак динары (шамамен 115 мың АҚШ доллары) төлейтіндерін мәлімдеді. Бұл ақпарат олардың ойынша нысаналы операцияларды жүргізуге тікелей көмектесуі тиіс.
Қарсыласу өкілдерінің айтуынша, елдегі жағдайдың америкалықтар үшін (соның ішінде әскерилер мен барлау қызметкерлері үшін) қиындауына байланысты олар азаматтық нысандарда жасырынуға мәжбүр.
Сондай-ақ қарсыласу ақпарат берушілерге олардың есімдері жария етілмейтініне және барлық мәлімет құпия сақталатынына кепілдік береді.
Оқи отырыңыз:
- Иран қарулы күштері Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасына cоққы жасады
- Қазақстан авиациялық әкімшілігі: Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіндегі ұшулар тоқтады
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
Жаңалықтар
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр