Интернет-алаяқтыққа қарсы конституциялық кепілдік қажет — Жақып Асанов
Бейнеден кадр
ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Orda.kz.
Асановтың айтуынша, соңғы он жылда «көшедегі қылмыс» тоғыз есе азайғанымен, меншікке қарсы қылмыстар цифрлық кеңістікке ауысқан. Ол бұған мысал ретінде Ақмола облысында жуырда анықталған жағдайды келтірді. Аталған өңірде ұйымдасқан қылмыстық топ әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі банктік несиелер рәсімдеумен айналысқан.
Спикер цифрландыру дәуірінде жеке өмірді қорғау тек қағаз құжаттармен немесе көшедегі қауіпсіздікпен шектелмейтінін атап өтті. Смартфондар мен интернетке тәуелді өмір жағдайында азаматтардың деректері алаяқтық әрекеттердің нысанына айналуда.
Конституциялық кепілдік тек қағаз жүзінде қалып қоймауы тиіс — ол цифрлық кеңістікте де толыққанды жұмыс істеуі қажет. Бұл мемлекет үшін халықтың сенімін сақтау және нақты қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндет.
«Заңды сұрақ туындайды: біз азаматтардың құқықтарын цифрлық әлемде қалай қорғаймыз? Оларды интернет-алаяқтардан қалай сақтаймыз? Конституцияда жеке өмірге қол сұқпаушылық туралы 18-бап бар. Алайда ол қабылданған кезде цифрлық әлем бүгінгідей дамымаған еді. Біз интернетте қазіргідей өмір сүрмедік. Бұрын құжаттар мен ақшамыз қағаз түрінде сақталатын. Бүгінде өміріміздің едәуір бөлігі онлайн форматта өтеді. Телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ дәл осы кеңістікте біз аса осалмыз. Үйде де, көшеде де заң бізді қорғайды, ал смартфонда мұндай қорғаныс жоқ. Жеке деректердің алаяқтардың қолына қалай түсіп жатқанын күн сайын көріп отырмыз. Әрбір адам қай жерде болса да — көшеде ме, әлде интернетте ме — өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Бұл — мемлекеттің тікелей міндеті», – деді Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов.
Қорытындылай келе, ол конституциялық реформа аясында жеке деректерді қорғау мәселесін арнайы реттеу қажеттігін атап өтті, себебі бұл халықтың мемлекетке деген сеніміне тікелей әсер етеді.
Еске салсақ, былтыр мемлекет басшысы интернет-алаяқтарға алданған халықтың саны күрт өсіп жатқанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай цифрландыру мемлекеттің жұмысын жеңілдеткенімен, алаяқтардың халықты алдап, ақша жымқыруына мол мүмкіндік беріп жатқанын айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады