Instagram блогерлер Борейко, Бокаев және Ниязовтың жарияланымдарын жойды
Фото: Еlements.envato.com
Демалыс күндері Instagram желісінде журналист Вадим Борейко мен белсенді Санжар Бокаевтың аккаунттарындағы барлық жарияланымдар жойылды. Журналист Асхат Ниязовтың аккаунты да қол жетімді емес. Бұл туралы өзінің инстаграмында құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Вадим Борейко өзінің фейсбук парақшасында сенбі күні оның Instagram профиліндегі барлық контент жоғалып кеткенін жазды. Ол әлі де тіркелгіге кіре алады, бірақ бет толығымен бос болып шыққан.
Ол өткен жылы да TikTok аккаунты жойылғанын еске салды. Борейконың айтуынша, соңғы айларда Instagram және Facebook оның ескі посттарын өшіріп, «ақылға қонбайтын бұзушылықтарды» көрсеткен.
Асхат Ниязов бұған дейін де әлеуметтік желілерде оқшауланған болатын. Өткен жылдың күзінде оны Алматы әкімдігімен қақтығысқа байланысты полиция ұстаған еді.
Қоғам қайраткері Санжар Боқаев жемқорлықтың небір құйтырқы түрін ашқан бейнероликтерін жариялайды. Сондай-ақ, ол кәдеге жарату бойынша қатаң ұстанымымен де танымал. Оның тіркелгісіндегі барлық жарияланымдар жойылған.
Еске салайық, қазан айының соңында «Орда» сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың Facebook парақшасы өшірілді, «себебі» - ол өзін басқа адам ретінде танытқан.
Жаңалықтар
- Instagram блогерлер Борейко, Бокаев және Ниязовтың жарияланымдарын жойды
- Белгілі әнші Мұқасан «Нұрмұқасан» тобына жаңадан қосылған Ғалымжанды көгала қойдай етіп сабап тастады
- Етті түсіңде көресің: Ел халқы көп тұтынатын негізгі тағамдар қымбат, үкімет шешім таба ма?
- Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімін мазақ етті. Қазақстан мен Өзбекстан бәсекелесіп жатыр. Картоп — алтынмен тең
- Алматыда қоймадағы ірі өрт сөндірілді
- 10 адам ұсталды: Қырғызстанда саясаткерлерге қатысты жаппай тінту жүргізіліп, тергеу басталды
- «Шешімі табылғанда мәселеге оралайық»: ДСМ басшысы Теміртау дәрігерлерінің талаптарына жауап берді
- Украинаға қатысты бейбіт жоспар түпкілікті емес — Трамп
- «180 мың теңге аламыз»: Жамбыл облысының фельдшерлері де президентке үн қатты
- Алматыда 22 қарашадан бастап жүргізушілерге жаңа айыппұл қосылды
- Талғарда 14 жастағы баланы өлтіріп алған жасөспірімнің анасы өз шындығын айтты
- Қорқынышты детектив: Астана маңында 14 жастағы Лераны кім және неге өлтірді?
- Қазақстан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
- «Алқаш» деді»: мас ер адам 15 жастағы қызын 16 рет пышақтап өлтірді
- Маңғыстау облысында түлкі мектеп оқушыларына шабуыл жасады
- Терапевтен өсті: Денсаулық сақтау саласына жаңа вице-министр тағайындалды
- «Лукойл» активтері үшін соғыс: ойынға Әбу-Дабидің алып компаниясы қосылды
- «Тоқалының ағасы»: Нұрсұлтан Назарбаевтың қайын ағасы ұсталды
- Қазақстан МАГАТЭ-нің Қиыр Шығыс тобына енді
- Астанада жеті тұрғын үй кешені жарықсыз қалды