Innovative School – оқу сапасын арттыратын мектеп

cover

Бір саппен жүру, қарсы келмеу, өз ойыңды дәлелдемеу, өзгеден ерекшеленбеу – бұл ережелер кәдімгі мектептің қатып қалған қағидасы. Ал осы қағиданы өзгертіп, мектепті кішкентай еркін мемлекетке айналдырып, әркім өз пікірін айта алатын, айтқанын дәлелдей алатын, жүз рет қайталап сұрай алатын, күліп жүріп, ойнап жүріп оқи алатын оқу ордасына айналдыруға бола ма?

Мектептегі оқуды бала үшін қызықты етіп ұйымдастыру мүмкін бе? Әрине, мүмкін – дейді авторлық оқыту әдісі бойынша Innovative School ұйымдастырған осы мектептің директоры Марат Платонов.
Orda.kz тілшісіне SmartUp жүйесінің артықшылықтарын айтып берген ол, осы әдістің қысқа мерзімде қол жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

– Шетелдік психологтардың технологиясы бойынша жасалған оқыту әдісі 300 процентке тиімді. Біз оған көз жеткіздік. Осы әдіспен оқытқалы бері балаларымыз өзге мектеп балаларынан әлдеқайда тез дамып келеді. Біздің бірінші сыныпта оқитындар әдеттегі мектептердегі екінші сыныпта оқитындардан әлдеқайда озық – дейді Марат Платонов.

SmartUp әдісінің ең басты мақсаты – баланың бойында оқуға қызығушылық тудыру. Бізде «міндеттісің, орындауың керек» деген түсініктер жоқ. Қызығушылығы бар бала үшін оқу барысы тез, оңай және жайлы жағдайда өтеді.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

Балалар мектепке құлшынып келіп, қызығып оқып жүр. Мектепке каникул кезінде де, демалыс күндері де келіп жүреді. Көктемгі каникулда оларға таңдау еркі берілді: оқимыз ба, әлде демаламыз ба? – деген. Балалар оқуды таңдады. Келіп сабақты да оқыды, ойнауға да уақыт болды.

Innovative School-да кім оқи алады?

Бұл жерде әр баланың ерекшеліктері ескеріледі. Талапкерді арнайы IQ, сондай-ақ білім деңгейі мен психологиялық дайындық жөнінен тестерден өткіземіз. Кей жағдайларда осы үш көрсеткіш бір –біріне сәйкес келмей жатады. Мысалы, минутына 30-40 сөз оқып, 100-ге дейін санай алатын бала психологиялық жағынан мектепте оқуға дайын болмай, ойнауға бейім болып тұрады. Ал кейде мүлдем керісінше, білім деңгейі төмен болғанмен оқуға деген ынтасы жоғары болады. Біз баланың жетпей жатқан жақтарына назар сала отырып, оны жетілдіреміз. Бұған бізге өте тәжірибелі психологтарымыз көмектеседі, олар баланың кем түсіп жатқан жақтарын жетілдіруге арналған мотивациялық әдістер ойлап тауып, нәтижесінде балалар мектепке келуге ұмтылады.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

Қазақстанда білім саласында мұғалімдер жетіспей жатқаны белгілі . Ал осындай кадр тапшылығы кезінде Innovative School-ға кімдер келеді?

Біз бұл жерде мынадай кедергілерге тап болдық. Көп жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздар жаңа әдіспен жұмыс істеуден бас тартқан жағдайлар болды. Біреулері бастапқы әңгімелесуден кейін, ал кейбіреулері бір айға да шыдамай кетіп қалған жағдайлар болды. Ескі кеңестік жүйеден қалған балаларды бағыныштылық әдіспен оқыту мұғалімнің кәсіби санасына мықтап қонғандығы соншалық, оны өзгерту оңай еместігін байқадық. Сондықтан біз қызметке балаларды жақсы көріп, жаңашылдыққа ұмтылатын жас мұғалімдерді алуды ұйғардық.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

Мектебіңізге оқуға қабылдауға бас тартқан кезіңіз немесе оқып жүрген оқушымен келісімшартты бұзуға тура келген жағдайлар болды ма?

Көптеген ата-аналар мектеп жекеменшік болса, ақшасын төлеп айтқанымызды істетеміз деп ойлайды. Мысалы, бес жарым жастағы баланы анасы бірінші класқа қабылдауымызды қатты өтініп сұрады. Ондай жағдайда біз баланың өскенін күту керектігін айтып түсіндіреміз. Біз баланың мектепте оқуға әлі дайын еместігін байқасақ, басқа балаларға қарағанда сабақты оқуда артта қалушылық байқалса – не істейміз деген сұрақ туады. Өзгелерден артта қалған бала психологиялық жағынан тұйықтала бастайды. Сондықтан біз үшін ең басты мәселе – оған жол бермеу. Innovative School-да баланың қызығушылығы мен жетістіктері – ең басты назарда

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

Оқу әдісі әрі сабақ, әрі ойын болып шығу үшін не істеу керек?

Ұстаз сабақты жаттатпайды. Ол балаларды жай ғана қызықты саяхатқа шақырады, олар Ежелгі Грекияға сапарға шығады. Барлық сабақтар осы сапар төңірегіне шоғырланған. Мысалы, математика, оқу, жазу және басқа сабақтардың барлығы Ежелгі Грекия аңыздары негізінде оқытылады. Бейнелі түрде айтқанда, классикалық сабақтардағыдай алма санауды емес, Гераклдың садақтарын санауды үйренеді. Жылдық оқуға арналған сапарлар картасы, уақыт қақпасы, есептер мен тапсырмаларды орындау – бәрі сол мифтердегі мысалдар арқылы беріледі.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

Ең бастысы, мектептегі оқу барысы қызықты өтуі керек. Бұдан басқа әр баланың таланты ашылатындай әдістер қолданамыз. Мысалы, бірі математикадан, екіншілері – тіл пәндерінен, ал үшіншілері - техникалық пәндерден. Бізде бір қызықты жағдай болған. Бірінші сынып оқушысы 6-7 сыныпта оқитын логарифмдерді шешетін жағдайға жеткен болатын. Оны бұған ешкім үйреткен жоқ, өз талабымен, өз қызығушылығымен жетті. Қысқасы, әр күн әр балаға жақсы нәтиже әкелуі үшін жұмыс істейміз.

Мектебімізде шеберлік - класс жиі өтіп тұрады. Біреулері печеньені сәндеуді үйретсе, екіншісі понидің суретін салуды үйретеді. Ал кейбірі күш сынасу сабағын ұйымдастырады. Осының бәрін балалар өздері жасайды. Әркім өзінің шеберлік сабағы туралы өзі жариялап, өзі уақытын белгілеп, бағдарламасын да өзі жасап, өткізеді. Біз тек көмекшіміз. Біз осылайша балаларға жауапкершілікті үйретеміз.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

Оқу жылының басында әр класта өз мемлекеті құрылады. Халық өзіне елді билейтін король –королевасын және бас судьяны сайлап алады. Сайлаудың алдында биліктен үміткерлер сол қызметке неге барғысы келетінін және неге оның кандидатурасын қолдау керектігін айтып түсіндіреді. Одан кейін халық үміткерлерге жабық түрде дауыс беріп сайлайды.

Мұғалімдер мен кураторлар сайлау процессіне араласпай, тек бақылаушы және қолдаушы болады. Ал балалар өз заңдарын қабылдайды: класта жүгірмеу, айғайламау, төбелеспеу. Заңды орындамағандар - жазаланады. Мемлекетте ішкі валюта мен жылдық бюджет, оған қоса дамудың жалпы жоспары жасалып бекітіледі.
Әр мемлекетте пресса болады. Мысалы екі аптада бір рет шығатын газет. Оқушылар өздері редактор, өздері корректор, өздері суретші болады. Не туралы, қалай жазатынын да өздері шешеді.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

Мемлекетті билеушілер газеттің басылу ақшасын төлеп, тұрғындарға өздері сатады. Ел билеушілер, яғни билеушінің төсбелгісін тағып алған оқушылар, өздерінің жауапкершілігін сезініп, мемлекеттегі тәртіптің сақталуын қадағалап отырады. Осылайша балалардың арасында мемлекеттік микроклимат орнатылып, оқушылар оның бұзылмауын үйренеді.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

Сіздің мектепте оқығандар қоғамда басқа мектептерде оқып білім алғандармен қайшылықтарға тап болады деп ойламайсыз ба?

Біздің Innovative School-да өз еліне пайда әкелетін азаматтарды тәрбиелеуге ұмтыламыз. Қазірдің өзінде бастауыш кластарда кейін өскенде қажет болатын дағдыларды бойларына сіңіріп, заңдардың орындалуын ғана емес, өзіне ғана емес өзгелер үшін де жауапкершілік міндетін арқалауды үйретіп жатырмыз. Осы оң дағдылар арқылы біз олардың ары қарай дамуына ықпал етудеміз.
Мектеп дегеніміз тек оқушылар емес, олардың ата-аналары да деген түсінік бар. Ал ата-ана бәрі жақсы болсын деген талап қоюдан шаршамайды…

Түйсігімізде қалыптасып қалған әдет бар: ұстаз оқушыға неғұрлым көп тапсырма берсе – ол жақсы – деген. Ата-аналар балаларын мектептен тыс көптеген секцияларға, үйірмелерге сүйрелеп жүреді. Спорт, тілдер, ментальды математика, робототехника, би, шахмат – баланы осыларға сүйрелеп шаршатады. Біздің ойымызша, мұның бәрі бос сенделіс, тіпті балаға зиян деуге де болады. Ерекшелігіміз сол – біздің мектепте үй тапсырмасы да жоқ. Бала өз еркімен үйге тапсырма әкелуі мүмкін, бірақ біз ата-аналарға оның орындалуын қадағалауға рұқсат бермейміз.

Байқағанымыз, үйде қадағалау болмаған жағдайда бала өз еркімен үйде көбірек оқуға тырысады екен. Балаға бұл жаста еркін ойлау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін оған бос уақыт керек. Сонда ғана ол өзі шешім қабылдауға үйренеді.

Зарина Юсупова біздің мектепке мемлекеттік мектептен келді. Оның айтуынша екі мектеп - екі планета сияқты әртүрлі. Ортағы – тек балалар, ал оларға қай мектепте оқыса да мұғалімнің мейірімі мен назарына қоса білім бере алуы керек.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?
Зарина Юсупова

— Бұрынғы қызмет еткен мектебімізде директорымыз балаларға мейірім көрсетуге тиым салатын. Бастауыш кластардың балалары болса мұғалімнің мейіріміне ие болып, оның жанында жүргенді ұнатады. Меніңше, бұл балалардың мұғалімге деген сенімін білдіреді. Балаларды құшағыма қысқаным үшін мені педагогикалық кеңестерде талай талқылап ұрсып жататын.

Мемлекеттік мектептерде мұғалімдерге «ыңғайлы» балалар тәрбиеленеді. Бір класта 30 немесе одан да артық балалар оқиды. Ал мұғалімде толып жатқан жоспарлар, есеп берулер…Сондықтан мұғалім үшін балалардың бәрі бірдей. Ал мұғалімнің сырт келбетіне қараңызшы – бәрінде қысқа қиылған шашпен әркімнің өзіне ыңғайлы киім. Мен осы біркелкіліктен қаштым. Олар сияқты болғым келмеді. Мен өзімнің оқытып жатқан балаларыма ұнағым келеді, оларға мейірім көрсетіп, олардың маған деген сенімін оятып, құпияларын сеніп айтып отырса деген тілегім болды.

Үш жылдан кейін мен өзімнің қатал мінезді Зарина Мажитқызына айналғанымды сездім. Мен мынаны түсіндім: балаларға неғұрлым қатал болған сайын олардан сондай қарсылық көрдім. Келісіп тұрғанымен, бәрібір бала өз дегенін істейтінін байқадым. Сол сәтте мен мемлекеттік мектептен кетуді ұйғардым.

Innovative School –да бәрі басқаша дейді. Мұнда баланы мақтауға болады. Құшақтауға болады. Бала өз пікірін ашық айта алады. Балалардың мұндай еркіндігінен мұғалімге қиын емес пе?

Мемлекеттік мектептен біздегі айырмашылық жер мен көктей. Біздің мектепте біз баланы мәжбүрлемейміз, тақырыпқа оны оқудың әдістемесі арқылы қызығушылық тудырамыз. Ал кәдімгі мектептерде ше? Естеріңізде болса, сол мектептерде көбіміз бастауыш кластарды өте жақсы деген бағамен аяқтасақ та, 5 ші кластан бастап ол бағалар жоғалып кетті. Неге? Өйткені жоғары кластарда сені қолдап, көрсетіп отыратын, ата-анаңмен тығыз байланыста болатын мұғалім жоқ. Пәндер көп, ешкім сені зорлап сабақ оқытпайды. Нәтижесінде, сабақ екінші орынға кетеді. Ал бізде – мұнда бәрі басқаша.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

SmartUp – тың көмегімен бала көбейту кестесін бір күнде жаттап алып, зачеттың алты деңгейін тапсыра алады. Мұндай жетістік арқылы оның өзіне деген сенімі артады. Осы сенім арқылы ол жетістіктерге құлшына береді. Сондықтан да осы мектептегі бірінші класс оқушысының оқуды ұғынуы менің жұмыс істеген бұрынғы мектептегі 4 класс оқушысының деңгейінен анағұрлым жоғары.

Innovative School: зачем школьнику право быть самим собой?

Innovative School –да әр сенбі сайын Ойынматика сабағы өтеді. Бұл SmartUp технологиясымен өтетін мектептің бір күні ғана. Ата-аналар сол күні осы технологияның ерекшеліктермен танысуына мол мүмкіндік алады. Балаларының осы технологияны ықыласпен игеріп жатқанын өз көздерімен көріп, сұрақтарын қойып жатады.

Авторы: Фариза Нарбекова
Аударған Баян Таңатарова

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар