Илон Маск пен Ердоған телефон арқылы тілдесті

cover aa.com.tr

SpaceX негізін қалаушы Илон Маск пен Түркия президенті Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Түркия басшысының әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды ORDA Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы айтылды.

«Түркияның мемлекеттік және жеке секторларының компаниялары мен мекемелері, оның ішінде ғарыштық технологиялармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

SpaceX компаниясы Falcon 9 зымыран тасығышын цифрлық теледидар және кең жолақты интернет қызметтерін ұсыну үшін 8 қаңтарда түрік байланыс спутнигі Turksat 5A-мен бірге ұшырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар