Ақша аудардыңыз — билет жоқ: ІІМ қауіпті схемаларды атады

cover Фото: freepik.com

ІІМ концерт пен бұқаралық іс-шараларға билет сатып алған кезде мұқият болуды ескертті. Интернетте билет сату немесе алып-сату бойынша күмәнді ұсыныстар кездеседі, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полиция концерт билетін сату кезінде кездесуі мүмкін алаяқтық туралы ескертті. Интернет желісінде концерттер мен іс-шараларға билет сатып алу немесе алып-сату бойынша жалған хабарландырулар кездеседі. Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады. Одан бөлек, жалған билет таратуы да мүмкін. 

«Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал. Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады және кез келген іс-шараға билетті тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаған абзал», — деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар