Халық банкі «солақай» схемалар бойынша жекешелендірілді - Әбілов

cover Фото: Orda.kz

Болат Әбілов пен бұрынғы Қаржы вице-министрі Оразалы Ержанов басқаратын «Елге Қайтару» қоғамдық қоры мемлекет басшысына «Қазақстан Халық банкі» АҚ акцияларын мемлекет меншігіне қайтару туралы өтінішпен жүгінді.

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, бүгінде банк акцияларының 70%-ы Almeks холдинг тобына тиесілі, оның түпкілікті бенефициарлары Динара мен Тимур Құлыбаевтар, қалған 30%-ы The Bank of New York ұсынатын номиналды ұстаушыға тиесілі.

« Қазақстан Халық банкі немесе «Халық» банкі солақай жолмен жекешелендірілді. Бір сағатта Конституцияны қалай өзгертетінін ескерсек, бұл байлықты халыққа қайтаруға мүмкіндік бар. Қазақстан байлығының тең жартысын иемденіп отырған 160 қазақстандықтың аты-жөнін жария етуді сұрап, президентке, үкіметке және Бас прокуратураға хат жаздық. Бірақ біз ешқандай жауап алмағандықтан, министрлер кабинеті бұл бағытта тергеу шараларын жүргізбейді деген ойдамыз» деді Болат Әбілов.

Елге Қайтару қоғамдық қорының мәліметінше, 2001 жылы ерлі-зайыпты Құлыбаевтар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 33,3% акциясының бақылау пакетін 41 млн долларға сатып алған. 2006 жылы бұл акциялардың 20,21 пайызы Құлыбаевқа 748 млн долларға сатылған.

Банк активтерінен бөлек, қор проблемалық несиелер қорының жағдайына назар аударды.

«Проблемалық несиелер қоры мен Қазақстанның тұрақты даму қорының есеп беруін талдау 2017-2019 жылдары коммерциялық банктерге көмек көрсетуге кеткен мемлекеттік шығындардың орасан зор екенін көрсетеді. Банктерге 4,8 трлн теңге көлемінде көмек көрсетілген. Салыстыру үшін: 2018 жылы төленген зейнетақы мөлшері 2 трлн теңгеден сәл аз болды, бұл республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 21 пайызын құрады» деді Әбілов пен Ержанов хабарламада.

«Елге қайтару» қоры сондай-ақ, Қазкоммерцбанк пен БТА-ны біріктіру туралы мәміледен кейін активтердің Халық банкіне қалайша бекерге сатылғанын анықтауды талап етеді.

Қазком мен БТА сатылғанға дейін үкімет проблемалық несиелер қоры арқылы баланстық құнының 2,64 триллионын сатып алу арқылы оларды үмітсіз активтерден тазартты.

«Сонымен бірге, ФПК қаржылық есептілігінде тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сатып алынған активтердің нарықтық құны 268 млрд теңгені құрады немесе төленген сомадан 10 есе аз. Нәтижесінде ФПК мұндай активтерді сатып алудан 2,372 трлн теңге көлемінде шығынды мойындады» дейді қор құрылтайшылары.

«Елге қайтару» қоры мемлекеттік органдардан келтірілген барлық фактілерді мұқият тексеруді, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды және мемлекетке келтірілген залалды өтеу шараларын қолдануды талап етеді.

2022 жылдың шілде айының соңында Болат Әбілов Қазақстанға активтерді қайтару қорын құру туралы хабарлады. Бизнесмендер, құқық қорғаушылар мен қоғам қайраткерлері президент Тоқаевтың бастамасымен заңсыз шығарылған қаражат пен мүлікті қайтару үшін құрылған ведомствоаралық комиссия жеткіліксіз деп санайды. Олар оның жұмысын біржақты және ашық емес деп санайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар