Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жанжал

cover

Сақтандырушылар Алматының мамандандырылған ХҚКО-ның бірінде жанжал шығарды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Куәгерлер оқиға орнынан әлеуметтік желіде видео жариялады. Видеоға қарағанда, түсінбеушілік Алматыдағы «AVTODOM» мамандандырылған күзет қызметшілері мен сақтандырушылар арасында болған.

Бейнеде күзетшінің әйелдерді ғимараттан шығаруға тырысқаны көрінеді. Оларды бейнетүсірілім авторы «бейресми қызметкерлер» деп атады.

— Мына бассыздықты шешуге көмектесіңіздер. Біз ресми түрде жұмыс істейміз, жалға алу ақысын, салық төлейміз. Ал мына адамдар ХҚКО аумағында өз қызметтерін заңсыз ұсынып жүр. Олар жалдау ақысын төлемейді. Біз бұған дейін де ресми органдар, әкімдік және полиция арқылы күресуге тырыстық, ештеңе өзгермеді. Оларды ХҚКО аумағынан шығаруға тырысқанда жанжал шығарды, - деп жазды бейне авторы.

Мекеменің баспасөз-қызметі Orda.kz-ке алдын ала жазылусыз бөгде адамдар бұл мамандандырылған ХҚКО-ға кіре алмайтынын хабарлады:

— Бұл видеода сақтандырушы әйелдер мен «AVTODOM» күзет агенттігінің қызметкерлері түсірілген. Бөлім басшылығы тиісті органдарға олардың қызметіне қатысты шара қабылдау туралы бірнеше рет хат жолдады, алайда бүгінге дейін мәселе шешімін тапқан жоқ , - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар