Хакасия Жоғарғы соты қазақстандық журналисті бостандыққа шығарды

cover

Қазақстандық қыздың адвокаты мен отбасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне алғыстарын білдірді.

Апелляциялық комиссия GZT түрік порталының ұсталған журналисі Қазақстан азаматы Назгүл Кенжетай мен Түркия азаматы Эмин Карачакты қамаудан босату туралы шешім қабылдады. Олар уақытша ұстау изоляторынан босатылып, Ресейден өз бетімен кетуге рұқсат берілді.

Абакан сотының шешіміне шағымды ұсталған журналистердің адвокаты түсірген. Сот Кенжетай мен Карачактың әкімшілік бап бойынша айыппұл төлегенін және  жақын арада Ресейден ұшып шығу мүмкіндігін растайтын әуе билеттері болғанын ескерді.

— Жаңа ғана әріптесімнен хабарлама келді. Бүгін аппеляциялық комиссия Назгүл Кенжетай мен Эмин Карачакты босату туралы шешім қабылдады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жұмысына құрмет білдіреміз, - деді заңгер Абзал Құспан.

Журналистің бауыры Досай Кенжетай да Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

— Әпкем Назгүл Кенжетайға Ресейде негізсіз айып тағылды. Бүгін екі мемлекеттің дипломатиялық бастамалары нәтижесінде сот шешімін өзгертті. Журналистер мен заңгерлерге рахмет, - деп қосты Досай Кенжетай.

16 желтоқсанда Кенжетай мен Карачак ұсталды. Олар Хакасияда Ресейдегі түркі қауымдарының өмірі туралы материал түсірді. Журналистердің заттары тәркіленді, олар түсірген барлық материалдар жойылды, ұсталғандардың өздеріне тыңшылық жасады деген айып тағылды.

17 желтоқсанда журналистер шетелдік азаматтың Ресейге кіру ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.

Назгүл Кенжетай Эмин Карачакпен бірге Хакасияға барар алдында Якутия, Бурятия және Алтайдағы түркі халықтарының өмірі туралы бірнеше хикая түсірген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар