ХҚО-ға бармай қалай қызмет алуға болады?

cover

Өткен аптада «Азаматтарға арналған үкімет» үйге құжат жеткізу қызметін іске қосты. Оған 144 мемлекеттік қызмет қосылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.  

Енді азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жер учаскелерінің актілері, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағат анықтамалары, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқа қызметтерді үйден ала алады.

Құжат дайын болғаннан кейін мекенжайға құжаттарды жеткізуді рәсімдеу үшін веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады. Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Айта кетсек, 2020 жылдың қазан айында еgov.kz электрондық үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды. Оған сәйкес, автокөліктердің мемлекеттік нөмірлері мен дайын техпаспорттарын үйге жеткізуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері 70-ке жуық алматылық автокөлік нөмірін үйіне алдыртқан.

Жақында сондай-ақ жүргізуші куәлігін, жеке куәліктерді, паспорттарды және басқа да құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметтері қолжетімді болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар