Грекия халқы міндетті вакциналауға қарсы жаппай көтеріліс жасады

cover

Грекия халқы міндетті вакциналауға қарсы тағы да бас көтерді. Афиндағы парламент ғимаратының алдына 1 500-ге жуық адам жиналып, наразылықтарын білдірді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Афиндағы Синтагма мен Омониак алаңдарында мәжбүрлі вакциналауға қарсы митингтер өтті және мамандар коронавирустың дельта штамының елде таралуы туралы дабыл қағуда, - деп жазады Ethnos газеті.

Афиндағы митингтерде адамдар қолдарына грек туларын, кресттерін, баннерлер ұстап, екпеге қарсы ұрандар көтерді. Кейбір баннерлерде: «Бостандық!», «Мәжбүрлеуге жол жоқ!», «Терроризмге жол жоқ!» деген ұрандар жазылған. Шеруге шыққандардың көпшілігі маска тақпаған. Полиция қызметкерлері алаңға келген, бірақ наразылық шараларына араласпады.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис дүйсенбі күні теледидар арқылы жасаған үндеуінде тамыз және қыркүйек айларында қарттар үйі мен денсаулық сақтау қызметкерлеріне екпе алуды міндеттегенін жеткізді. Сондай-ақ барлық түнгі клубтар, барлар, кинотеатр мен театрлар екпе алғандар үшін ашық болады деп мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар