Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға пәтер мен көлік сыйға берілді
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен жеке бапкері Ғабиден Райымбекті қабылдады. Жиын барысында спортшыға көлік пен пәтер сыйға берілді. Ал бапкерге жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айдос Сұлтанғали араға 26 жыл салып Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында топ жарды.
Грек-рим күресінен Әлем чемпионатының алтын медалін елімізге соңғы рет 1999 жылы Грекияның Афины қаласында өткен дүбірлі додада Мхитар Манукян (63 келі) алып келген.
Қызылорда облысының әкімдігі Айдос Сұлтанғалиға бұған дейін де мемлекет, облыс тарапынан қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті.
«Өткен жылы еліміздің, өңіріміздің жанашыр азаматы Бақдәулет Еркінбекұлының демеушілігімен автокөлік табысталған. Бұдан бөлек, ай сайын 1 млн теңге мемлекеттік стипендия беріледі. Бұл қолдау әрі қарай жалғасады», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ливерпульде әлем чемпионы атанған ағайынды Сабырхандарға Шымкент әкімдігі көлік пен пәтер сыйлады. Сонымен қатар, олардың әкесіне де көлік сыйға берілді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады