Германия: Мейрамхана кәсібіне назар аударудың жаңа әдісі

cover

Франкфуртте мейрамхана иесі пандемия салдарынан зардап шеккен кәсібін, дағдарыстан шығарудың жаңа тәсілін ойлап тапты.

Ол бос орындарға ойыншық аюларды үстелге отырғызып, қызмет көрсетіп жүр. Ары-бері өткен тұрғындар бір панданы 150 еуроға сатып ала алады. Ол кәсіпкерге үлкен қолдау болар еді. Аюды сатып алушыларға арнайы логотипі бар жейде сыйланады. Кейін карантин аяқталған соң адамдарға тегін қызмет көрсетіледі.  

Джузеппе Фичер, кәсіпкер:

«Бұл бір жағынан наразылық белгісі, екінші жағынан қонақтарымызға жасалған сыйлық. Осы әрекетті карантин аяқталғанша күні-түні қайталай береміз»,-дейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар