Гавайиде Килауэа жанартауы оянып, жер сілкінісін тудырды

cover

Гавай аралындағы ең белсенді вулкандардың бірі Килауэа оянды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметінше, жанартау атқылауы 21 желтоқсанға қараған түні оңтүстік беткейде басталған. Одан кейін 4,4 баллдық жер сілкінісі болған. Аймақ қауіптіліктің қызыл аймағында тұр. Алайда, бұл тұрғындарға қызғылт аспан аясындағы жанартау атқылауын тамашалауына кедергі болмады.

Еске салайық, жанартау соңғы рет 2018 жылдың тамызында оянып, бірнеше ай бойы тынышталмаған. Осыған орай, бірнеше мың жергілікті тұрғындар эвакуацияланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар