Гарвард оқытушылары Трамптың әкімшілігін сотқа берді
Фото: gscstudy.kz
Гарвард университетінің профессорлары АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігін сотқа берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір топ оқытушы президент әкімшілігін университетке қысым жасады және сөз бостандығына шектеу қойды деп айыптап отыр. Гарвард оқытушылары АҚШ-тың оқытушылар қауымдастығымен (AAUP) бірлесіп сотқа жүгінді. Олардың пікірінше, жаңа билік университетке өз саяси көзқарастарын енгізуге тырысады екен.
Білім және денсаулық сақтау министрліктері, сондай-ақ АҚШ-тың жалпы қызметтер әкімшілігі тексеріс бастады. Деректерге сүйенсек, АҚШ әкімшілігі 31 наурызда Гарвардты мемлекеттік қолдаудан айыратын шарттардың тізімін хат қылып жіберген. Билік қойған талаптардың қатарында митингілерде бетперде киюге тыйым салу, инклюзия бағдарламаларын қысқарту және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық орнату талаптары бар.
Алайда оқытушылар бұл университет саясатына тікелей араласу және сөз бостандығынан айыру деп санайды.
Айта кетейік, кәсіпкер және Нью-Йорк штатының 21-ші сайлау округінен конгреске үміткер Энтони Константино АҚШ президенті Дональд Трампқа «Бұғауға көнбеу ескерткіші» деп аталатын ескерткішті сыйға берді.
Жаңалықтар
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
- ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Олимпиада-2026: Қазақстандықтардың 14 ақпандағы жарыс кестесі
- Бүгін «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтпен кездесті
- Алматыда ер адамды «сөйлесуге» көшеге шақырып, сабап кеткен күдікті ұсталды
- Павлодарда зейнеткер «ҚМА қызметкерінің» құрығына түсе жаздады
- «1 млрд доллардан астам қаржы жымқырған»: СІМ АҚШ-та екі бірдей қазақстандықтың ұсталғанын растады
- Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
- Алматыда дін қызметкері Иаков Воронцов нашақорлар тобын құрып ұсталды
- Судья Светлана Жолманова тағы қылмыстық іс арқалады
- Тағы да Талғар — зәреңді алар: Ғалымжан Шерзатұлының өліміне кім кінәлі?