Франция-Германия ойынына парашютпен түскен экобелсенді бірнеше адамды жарақаттады

cover

Экобелсенді парашютпен ұшып келіп Еуро-2020 матчы болып жатқан алаңға қонған, салдарынан бірнеше адам жарақат алды.

Бұл туралы Orda.kz УЕФА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қауымдастықтың мәліметіне сәйкес Франция мен Германия арасындағы футбол кездесуінде алаңға парашютпен қонған экологиялық белсендінің әрекетінен кейін бірнеше адам ауруханаға түскен.

«Бірнеше адам жарақат алды, олар қазір ауруханада жатыр. Құқық қорғау органдары қажетті шаралар қабылдайды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

УЕФА бұл әрекеттің қауіпті болғанын, бірақ матч барысына әсер етпегенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар