Forbes тізімі өзгереді: «Қазақмыс» пен «Қазмырыш» басқа адамдардың қолына өтеді
Коллаж: Orda.kz
Қазақстанда ірі мәмілелерге дайындық жүріп жатыр. Екі ең үлкен шикізат активі — «Қазақмыс» пен «Қазмырыш» басқа адамдардың қолына өтеді.
Orda.kz деректеріне бойынша, бұл келіссөздер ұзақ уақыттан бері жүргізіліп келе жатыр.
Нарықтағы ақпаратқа қарағанда, «Қазақмысқа» қатысты келісімнің басым бөлігі аяқталуға жақын, шамамен 80 пайызы дайын. Ал «Қазмырышқа» келгенде жағдай күрделірек. Себебі оның акциялары екі америкалық компанияның – The Vanguard Group пен Capital Group Companies қолында. Бұл екеуі швейцариялық Glencore компаниясын құрғандардың қатарында саналады. Ал Glencore «Қазмырыштың» негізгі үлесін ұстап отыр.
Сондықтан келіссөздерге шетелдік алпауыттардың араласуы жұмысты қиындатып тұр. Тіпті іс халықаралық арбитражға дейін баруы да мүмкін.
Сонымен бірге «Қазақмыс» пен «Қазмырыш» төңірегінде жаңа ықпал ететін топтар көріне бастады. Солардың бірі — Qazaq Stroy компаниясының иелері. Белгілер тек нарықтан ғана емес, биліктің жоғарғы қабатынан да байқалады.
Ақордадағы астыртын кездесулер. Президентке кім және қандай мәселемен келеді?
4 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaq Stroy құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевпен кездесті. 21 қарашада — Integra Construction KZ компаниясының бенефициары Шахмұрат Мүтәліппен кездесті.
Сарапшылардың айтуынша, президент әдетте әкімдермен немесе құқық қорғау органдарының басшыларымен кездеседі. Ал қазір ірі бизнесмендермен, соңғы жылдары активтерін қарқынды жинаған тұлғалармен жолығып жүр. Әшімбаев Андрей Лаврентьевтің басына туған күн басқаларға да тууы мүмкін екенін айтып отыр. Лаврентьевтің компаниясы тез өсті, билікке жақын болды. Алайда кейін кәсіпкерді қаржылық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қамады да, мүлкінің біраз бөлігін мемлекет алған еді.
«Соңғы бір жылда Артықбаев «Қазақтелекомның», газ өндіретін Taiqonyr Energy компаниясының және «Ақтөбе» футбол клубының үлестерін сатып алған. Ал Шахмұрат Мүтәліп былтыр Бокс федерациясын басқарды, биыл «Атамекен» ҰКП-ның құрылыс және тұрғын шаруашылығы комитетінің төрағасы болды. Қауесеттерге қарсақ, Артықбаев пен Мүтәліп Лаврентьевтің жолын қайталап, алдағы уақытта тиісінше «Қазақмыс» пен «Қазмырышқа» қол жеткізуі мүмкін деген болжам бар» деп жазды саясаттанушы өз Telegram-арнасында.
Qazaq Stroy компаниясы қазір «ұлттық ірі холдингке» айналып келе жатыр деген пікірлер бар. Мысалы, қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов Qazaq Stroy пен «Қазақмыс» арасындағы мыс саласындағы акцияларды сатып алу келіссөздерін атап өткен.
Сарапшының айтуынша, Qazaq Stroy бұған дейін калий кенін игеруге лицензия алған. Яғни, бұл компания енді тек мектептер мен ғылыми мекемелерді жөндейтін құрылыс фирмасы ғана емес, экономикадағы басқа да маңызды салаларға кіріп келе жатқан алпауытқа айналып отыр.
«Нарықта жаңа ұлттық чемпион қалыптасып келеді. Қазір компаниялар өз қызметін әртүрлі салаларға кеңейтіп, ірі корпорацияға айналу үрдісі байқалады. Бұрыннан сол баяғы тұрақты алпауыттардың нарығын жаңарту қажет еді», — дейді Рысмамбетов.
Яғни, Артықбаевтың компаниясы біртіндеп көпсалалы корпорацияға айналып, құрылыс, телекоммуникация, кен өндіру, енді мүмкін мыс секторы салаларын да қолға алған жетекші компания атануы мүмкін. Тағы бір сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың пікірінше, Qazaq Stroy компаниясының «Қазақмысқа» кіруі тек уақыттың еншісінде. Дегенмен бұл — KAZ Minerals сияқты жоғары табысты жобалар емес, «Қазақмыс» компаниясының ескі активтері.
«Qazaq Stroy бұрын „Қазақтелекомдағы“ үлесті, Түркістандағы күкірт қышқыл зауыты жобасын, „Придорожное“ газ кен орнындағы 75%-дық үлесті сатып алған», — деді Жұмағұлов.
Айта кетейік, бұрын «Қазақмыс» ашық нарыққа шыққан, корпорацияның акциялары Лондон қор биржасында сатылып келген, тек 2014 жылы KAZ Minerals Plc бөлініп шыққан.
Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтің айтуынша, келіссөздердің басты мақсаты – кен орындарын жергілікті компаниялардың бақылауына беру.
«Мен Glencore компаниясының басшыларымен Швейцарияда оқыған кезде достастық. Көп адамдар кеткенімен, біз Цуг қаласындағы сыраханаларда әлемдік экономика туралы сөйлесеміз. Негізгі ой – елдің экономикасын дамыту. Кен байлықтары жергілікті компанияларда болғаны дұрыс, өйткені олар оны өңдеуге, қайта өңдеуге көп ақша сала алады. Яғни, бұл ел ішінде өндірісті дамытуға бағытталған тәсіл», — дейді сарапшы.
Сонымен қатар, кәсіпорын қоршаған ортаны қорғауға ақша салмаған, нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында ауа ластанған.
«Егер Өскеменде химиялық қауіп туралы ескертулер жиі айтылмаса, ШҚО туристер үшін тартымды болуы мүмкін еді. Ал «Қазмырышты» сатып аларда инвестордың кәсіпорынға салған қаражатын тексеру керек. Әйтпесе, бұл кәсіпорынды «Арселор» сияқты қиын жағдайға қалдыруы мүмкін», —деді сарапшы.
Өткен жылы компанияның таза табысы 216 млрд теңге болды. Жұмағұлов екі жыл бұрын Glencore өз үлесін 1,2–1,5 млрд долларға Қытай инвесторына сатуды қарастырғанын еске салды.
Егер мәмілелер жүзеге асса, ірі активтер басқа адамдардың қолына өтеді. Бұл жағдай нарыққа жаңа серпін береді. Иелері ауысқаннан кейін Forbes-тың миллиардерлер туралы рейтиң тізімі де жаңаруы мүмкін.
Автор: Зарина Файзулина
Жаңалықтар
- Қазақстанның сыртқы қарыздары тарихи рекордқа жетті
- Ақтөбеде студентті дәретханада зорламақ болған ер адам сотталды
- Лувр мұражайын тонаған күдіктілердің бәрі қолға түсті
- Апелляция Дикий Арманның ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды
- Рудный көшелерін қазақшалауға қарсы шыққан әйел айыппұл арқалады
- Forbes тізімі өзгереді: «Қазақмыс» пен «Қазмырыш» басқа адамдардың қолына өтеді
- Рахат Әлиевтің есімі Джеффри Эпштейннің хаттарында аталды
- Прокурорлар Нығматулинге көмек көрсеткені туралы ақпараттың «көзін жойды»
- Депутат Қызылордада жазасын өтеп жатқан Думан Мұхаммедкәріммен кездесті
- Тоқаев Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
- Украина дрондары Ресейдегі Каспий құбыр консорциумының әкімшілік кеңсесіне зақым келтірді
- Жетімдерді баспанасыз қалдырған депутат 67 млн пайда көрді
- Әнші Мұқасан Шахзадаевты полиция ұстады ма?
- Алматы – Бішкек тасжолындағы апат алты адамның өмірін жалмады
- «Шахтёр» футбол клубы ресми түрде сатылды
- Астанада жоғалған мектеп оқушысының денесі өзеннен табылды
- Ақтаудағы AZAL ұшағының апаты: тергеу қашан аяқталады?
- Ақтауда танымал видеограф зорлық жасады деген айыппен қамалды
- Қарағанды маңындағы жол апатынан 5 адам мерт болды: Сот жүргізушіге үкім шығарды
- «Полиция басшылығы жемқор»: ІІМ Маңғыстау полициясын аяғынан тік тұрғызды