ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатын өткізу үшін жаңа орын іздейді

cover Фото: sportbox.ru

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты Жапониядан басқа елге ауыстырылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Бұл Жапон футбол федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты жыл сайынғы футбол форумын өткізуден бас тартқаннан кейін белгілі болды. Турнир 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған болатын.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) қазіргі уақытта бұл шараны өткізуге үміткер ел іздеуде. Клубтар арасындағы әлем чемпионатын қабылдайтын ел мен оған қатысушылардың барлығы жақын арада анықталады. Бұл арада бұл турнирге баратын үш клуб белгілі - Челси (Англия), Аль-Ахли (Египет) және Окленд (Жаңа Зеландия).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар