ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады

cover Фото: Ашық дереккөзден

ФИФА жариялаған футболдағы жаңа ережелер 2026 жылғы әлем чемпионатында қолданылады, деп хабарлайды Orda.kz.      

Сонымен Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ендігі жерде қолданылуы тиіс жаңа ережелерге тоқталсақ, егер ауыстырылған ойыншы 10 секунд ішінде алаңнан шықпаса, оның орнына шығатын футболшы алаңға шығар алдында 1 минут күтуі тиіс.

Сондай-ақ алаңға медициналық бригада шыққанда ойыншы 1 минутқа алаңнан кетуге міндетті.

VAR жүйесіне екінші сары қағаздар мен даулы бұрыштық соққыларға қатысты эпизодтарды қарау құқығы беріледі. Бұған дейін дәл осы мәселе көп дау тудырғаны белгілі.

Егер ойыншылар допты алаңға шығарғанда (аут) немесе қақпадан соққы жасағанда уақыт созса, төреші 5 секундтық кері санауды іске қосады. Жаза ретінде аут кезінде доп қарсыласқа беріледі, ал қақпадан соққы кезінде бұрыштық соққы белгіленеді.

Айтпақшы,  Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті. Футбол жанкүйерлері үшін Сәтпаев өз буынының ең болашағы зор қазақстандық футболшылардың бірі екеніне дау жоқ. Шабуылшы алматылық клуб академиясынан тәрбиеленіп шығып, біртіндеп негізгі құрамға өткен еді. Енді оның  Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетіп жатқаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар