«Фашист, нацист»: Қазақша мәзір беруден бас тартқан кафе кешірім сұрады
Фото: 2ГИС
Алматы көшелерінің бірінде орналасқан Bratskiy Shashlyk кафесі қазақ тілінде мәзір беруді талап еткен қонағын «фашист», «нацист» деп атады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кейін ұжым өзінің Instagram парақшасына кешірім сұрап, қазақ тіліне аса құрметпен қарайтындарын, сондай-ақ 2ГИС қосымшасында қазақ тіліндегі мәзірді талап еткен қонақтарға кім жауап жазғанынан беймәлім екенін жазды.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін шын көңілмен кешірім сұраймыз. Сондай-ақ, біздің атымыздан кім жауап беріп жатқанын білмегенімізді атап өткіміз келеді. Бірақ бұл жағдай біздің ұстанымымызға және құндылықтарымызға мүлде сай келмейді. Біз қазақ тіліне үлкен құрметпен қараймыз және оны жоғары бағалаймыз» деп жазды олар.
Айта кетейік, осы дәмхананың меймандарының бірі олардан қазақ тілінде жазылған мәзірді талап еткен, ал дәмхана қызметкері оны «фашист», «нацист» деп атап, кейін «егер жазған пікіріңді өшірмесең, қонақтарыңды күте бер» дегендей пікірлер жазып, әбестік танытты.



Еске сала кетейік, бұған дейін америкалықтар Temu бағдарламасын сотқа беріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді