«Фармация» СК-нің экс-басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

cover

Судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-бап 4-бөлім, 3-тармақ және 287-бап, 2-бөлім бойынша қозғалғанын айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Берік Шәріп соттан өзінің тергеушілерге көмектескені үшін бірнеше күн бұрын қамаудан босатуды сұрады.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастапқыда «СК-Фармация» басшылығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361 бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді негізсіз бастаған. Жеткілікті және сенімді негіздер болмаса, Президент Әкімшілігіне «СК-Фармация» басшылығының болжамды қылмыстық әрекеттері медицина қызметкерлерін коронавирусты жаппай жұқтыруға, медициналық мекемелердің қалыпты жұмысын бұзуға әкеп соқтырғаны туралы хабарланды, - деді адвокат Ардақ Балпықов.

СК-Фармацияның бұрынғы басшысын ұстау 2020 жылдың тамызында болған. Ол Қазақстанда төтенше жағдай кезінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар