Еуроодақ Ресейдің мұнай және банк секторына қарсы жаңа санкциялар енгізді
Фото: Elements.envato.com
Еуропалық Одақ Ресейге қарсы 18-ші санкциялар пакетін мақұлдады. Жаңа экономикалық шектеулер ресейлік мұнай мен банк секторына қатысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, ЕО-ның 18-ші санкциялық пакеті Ресейдің 20-дан астам банкiн SWIFT жүйесінен ажыратуды және олармен кез келген қаржылық операцияларға толық тыйым салуды көздейді. Сонымен қатар, ресейлік мұнайдан үшінші елдерде өндірілген жанармайға да шектеулер енгізіледі. Қара тізімге ішінара «Роснефтьке» тиесілі Үндістандағы мұнай өңдеу зауыты кірді.
Бұдан бөлек, Еуроодақ ресейлік мұнай бағасына қойылған шекті бағаны белгілеу тәсілін өзгертті. Бұрынғы тұрақты шек орнына енді өзгермелі шек енгізілді — ол нарықтық бағадан 15% төмен деңгейде болады. Бұл шекті баға жылына кемінде екі рет қайта қаралып отырады. Алғашқы кезеңде ресейлік мұнайға арналған шекті баға барреліне 45–50 доллар көлемінде белгіленбек.
Bloomberg мәліметінше, бұған дейінгі баға шектеуі тиімді болмаған: Ресей көмірсутектерді Қытай мен Үндістанға белсенді түрде экспорттауды жалғастырды, ол үшін «көлеңкелі танкер флотын» пайдаланды. ЕО бұл флотқа да санкциялар енгізіп, шектеу қойылған кемелердің жалпы санын 400-ден асырды.
Қазақстан үшін ерекше маңызды тұсы — ресейлік мұнайдан өндірілген жанармайға қатысты шектеулер. Әзірге Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) шығарылатын өнімдерге бұл санкциялар әсер ете ме, белгісіз. Себебі онда Сібірден жеткізілетін ресейлік мұнай толлингтік (өңдеуге берілетін) схема бойынша ішінара пайдаланылады.
«ЕО-ның ресейлік мұнайдан өндірілген жанармайға, соның ішінде дизельге қатысты шектеу енгізу туралы шешімі нарыққа белгілі бір деңгейде әсер етуі мүмкін. Еуропа Үндістаннан бензин импорттайды, ал Үндістан Ресейден үлкен көлемде мұнай сатып алады. Соңғы апталарда дизель нарығында шиеленіс байқалды, ал Еуропадағы алғашқы саудада баға өсу үрдісін көрсетті» деп жазады Bloomberg.
Сондай-ақ, Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен үшінші елдердегі бірнеше компанияға да шектеулер енгізілді. Арасында қазақстандық фирмалар бар-жоғы әзірге нақты айтылған жоқ.
2023 жылы Қазақстан тәуелсіз несиелік рейтингін сақтап қалып, қайталама санкциялардан құтылған болатын.
2025 жылы Қазақстан Ресейден 1500 «санкцияланған» бағдаршам сатып алды.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді