Еуро Одақ: Қазақстандықтарда таңдау құқығы болмады

cover

Еуропалық Одақ Қазақстанда өткен мәжіліс және мәслихат сайлауын «жүйелік кемшіліктер» мен «жіберіп алынған мүмкіндік» түрінде сипаттады.

Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Питер Стано саяси бәсекелестік болмаған жағдайда азаматтарға «нақты таңдау қалмайды» деп санайды. Себебі, елде «2013 жылдан бастап бірде-бір жаңа партия тіркелген жоқ».

«ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының / ЕҚЫҰ-ның бірқатар мәселелер бойынша ұзақ уақыттан бергі ұсыныстары ескерілмеді», - делінген хабарламада.

Стано сайлау «негізгі бостандықтарды шектеумен», оның ішінде «бейбіт наразылық білдірушілерді ұстаумен» өтті дейді; Мониторингке кедергі жасау үшін бақылаушыларға қатысты «келісілген шаралар» қолданылды.

«Қауымдастық, митинг және сөз бостандығына қатысты жүйелік кемшіліктер саяси алаңды шектей береді және сайлауға кері әсер етеді»

ЕО өкілі Қазақстанды халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар