Ертеңгі ауа-райы болжамы

cover

23 наурызға Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай және маңызды ауа райы құбылыстарының болжамы.

Оңтүстік циклонның келуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде, орталықта және солтүстікте қатты жауын-шашын болады. Республиканың солтүстік-батысында антициклон жотасының ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, Ақмола облысында екпіні 23 м/с, Қарағанды облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел 18-23 м/с күшейеді, Жалаңашкөл ауданында екпіні 28 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы: күндіз 14°, бұлтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар