Алматыда тұрғын ауданда мылтықтан оқ атқандар ұсталды

cover

Алматы қаласы Алатау ауданында мылтықтан оқ атқан жігіттер ұсталды. Оқиғаны жақын маңдағы үйлердің тұрғындары түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Тұрғындар жазып алған бейнежазбадан қолында мылтығы бар жігіттің қаруын тұрғын үйлерге бағыттағанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, ол суық қаруды тұрғын үйлерге қарай кезеніп барып, артынша далаға қарай оқ атқан.

— Алдымен олар көліктен шығып, тамақ жей бастады. Содан кейін қолдарын майлықпен сүртіп, қоқыстарын көшеге тастай салды. Артынша көліктің жүксалғышынан мылтық алып, ата бастады. Жігіттер алдымен мылтықты тұрғын үйлерге бағыттап, артынан далаға атты.

Күдіктілер анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

— Аталған оқиға бойынша іс Алатау аудандық полиция басқармасының әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталды. Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы адамдарды анықтады. Олар полицияға жеткізілді, іс жүргізілуде. Олардың әрқайсысының іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, одан әрі заңға сәйкес шара қабылданатын болады, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар