ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауға 330 бақылаушы жібереді

cover

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ миссиясының басшысы Урсула Гацекпен кездесті.

Ол оған сайлауалды науқанның негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері мен ұзақтығы туралы айтып берді: президенттікке кандидаттарды ұсыну қорытындыларымен таныстырды. Сондай-ақ қазіргі уақытта ҚР президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталып жатқанын атап өтті.

Әбдіров сондай-ақ дәстүрлі түрде сайлау процесіне қатысушыларды оқыту және мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне үлкен көңіл бөлінетінін айтты. Саяси партияларға, жастарға, БАҚ өкілдеріне және ҮЕҰ-ға арналған семинарлар өткізілуде.

Сонымен қатар, жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың электоралдық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы ОСК жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылды. Сайлау жүйесін дамытумен айналысатын Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылды.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанының қатаң және заңға сәйкес өтуін қамтамасыз етіп, салауатты және әділ бәсекелестік үшін барлық жағдайды жасайды. Біз Бюромен тығыз ынтымақтастық пен сындарлы диалогты жалғастыруға, оның ішінде сайлау науқандары арасындағы кезеңде де үлкен мән береміз, - деп атап өтті жиын соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіров.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар