Еңбек министрлігі 2024 жылға арналған квотаны бекітті
Сурет ашық дереккөзден
Қазақстандық компанияларда қанша шетелдік маман жұмыс істей алатындығы белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі нарықты қамсыздандыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеп, бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшіне қатысты 0,23% немесе 22 мың адам деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2024 жылы шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы келесідей 4 санатқа бөлінген: бірінші санатқа 906 рұқсат (басшылар мен олардың орынбасарлары), екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 5 054 адамға рұқсат. Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарына тиесілі – тиісінше 10 786 және 2 888 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 2366 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.
Сонымен қатар, 2024 жылға еңбек иммигранттарын үй шаруашылығында жұмысқа тарту квотасы республикадағы жұмыс күшіне қатысты 3,1% немесе 271,3 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
Еске салайық, 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға 14,5 мың рұқсат беріп, ұзартқан, бұл қайта бөлінген квотаның 78,5 пайызы немесе 18 мың адам болды.
Қазір Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 183 шетел азаматы жұмыс істейді.
2023 жылы еңбек иммигранттарын үй шаруашылығында жұмыс істеуге тарту квотасы 305,8 мың болып белгіленді. Жергілікті атқарушы органдар 295 261 рұқсат берді.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді