Елорданың атын өзгертуге негіз жоқ – Тоғжанов

cover

Нұр-Сұлтан атауы жақын арада өзгертілмейді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

Журналистер одан бұрынғы атауды елордаға қай жағдайда қайтаруға болатынын сұрағанымен, Тоғжанов тікелей жауап қайтармады.

«Мен бұған әлі ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын. Тағы да айтамын, әзірге ешқандай негіз жоқ» деді Тоғжанов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол елорда күнін тойлау мерзімінің кейінге шегерілуіне қатысты пікір білдірді. Қазір ол Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді.

«Біз бір адамның туған күнін емес, Астана күнін тойлап жатырмыз. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының туған күні аталып өтілсе, алдағы уақытта да тойланатын болады. Бізде көптеген шаралар жоспарланғанын білесіздер. Олар жоспарланғандай, 1 шілдеден бастап өткізілуде. Бұл Домбыра күні, Қазақстан Барысы-2022 Елорда күніне арналды. 1 шілде мен 8 шілде аралығындағы барлық іс-шаралар Астана күні аясында өткізілуде» деді Тоғжанов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар