Елорданың қақ ортасында көлік отқа оранды (видео)

cover

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтанда екі жеңіл көлік пен қоғамдық көлік соқтығысып қалды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Анықталғандай, Республика мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында жүргізушілердің бірі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Қайғылы оқиға таңғы 06:25-те орын алған.

20 жастағы «Лада» жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсін елемей, Hyundai Elantra-мен соқтығысты. Ал Hyundai қиылыста тұрған жолаушылар автобусына барып, соғылған.

Апат салдарынан «Лада» өртеніп кеткен. «Лада» жүргізушісі мен 60 жастағы Hyundai жүргізушісі зардап шеккен.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар