Елордаға QazVac вакцинасының 6000-нан астам дозасы келді

cover

Қазақстандық «QazVac» вакцинасының бірінші партиясы алты мыңнан астам доза елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қоймаларына жеткізілді.

Бұл туралы Orda.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қоймаларда Sputnik-V екпесін қоса алғанда барлығы 55 мыңға жуық доза бар.

– Өткен аптада ғана қазақстандық «QazVac» вакцинасының бірінші партиясы жөнелтілді, ал бүгін бізде онымен тұрғындарды вакциналауға мүмкіндік бар. Мен дәрігер ретінде және ең алдымен, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Қазақстанның вакциналар шығаруға мүмкіндігі бар елдердің қатарына кіретінін мақтан тұтамын, - деді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, вакцина алар алдында азаматтар өздері қай вакцинаны алғысы келетіндігін таңдай алады: ресейлік «Спутник-V» немесе қазақстандық «QazVac» вакцинасы. Отандық вакцина қазірдің өзінде емханалар мен сауда және ойын-сауық орталықтарына таратылды.

Ойын-сауық орталықтарындағы вакциналау аймақтарында күніне 250 адамға дейін вакцина егіледі. Mega Silk Way, Керуен, Хан Шатыр және Абу-Даби Плаза сауда орталықтарында вакциналау пункттері ашылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар