Еліміздің төрт боксшысы Әлем чемпионатының финалына өтті
13 желтоқсанда қазақстандық боксшылар Дубайда өтетін 2025 жылғы әлем чемпионатында Халықаралық бокс қауымдастығының атынан финалдық жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Финалға Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі) және Сабыржан Аққалықов (75 келі) қатысады.
Финал кестесі (Астана уақытымен):
18:30 54 келі. Сәкен Бибосынов - Вячеслав Рогозин (Ресей);
18:45 57 келі. Оразбек Асылқұлов - Хусравхон Рахимов (Тәжікстан);
19:45 71 келі. Абылайхан Жүсіпов - Сергей Колденков (Ресей);
20:00 75 келі. Сабыржан Аққалықов - Исмаил Муцольгов (Ресей);
Трансляция Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми YouTube-арнасында көрсетііледі.
Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын 3–13 желтоқсан аралығында Дубайда өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Оқырмандар үшін тізімді тағы да бір рет еске салуды жөн көрдік:
Теміртас Жүсіпов (48 келі);
Даниял Сабит (51 келі);
Сәкен Бибосынов (54 келі);
Оразбек Асылқұлов (57 келі);
Серік Теміржанов (60 келі);
Ертурған Зейнүлинов (63,5 келі);
Санатәлі Толтаев (67 келі);
Абылайхан Жүсіпов (71 келі);
Сабыржан Аққалықов (75 келі);
Ерасыл Жақпеков (81 келі);
Дәулет Төлемісов (86 келі);
Нұрмагамед Юсупов (92 келі);
Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары).
Есте болса, тамыз айында Таиландтың Бангкок қаласында өткен World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан боксшысы Құралай Егінбайқызы алтын медаль ұтып алды.
Жаңалықтар
- Иран қарулы күштері Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасына cоққы жасады
- Странджа кубогы: Қазақстан ерлер құрамасының екі боксшысы жартылай финалға өтті
- Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді
- Ирандағы шабуыл салдарынан қаза тапқандар белгілі болды
- Қазақстан авиациялық әкімшілігі: Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіндегі ұшулар тоқтады
- Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тапсырма берді
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс нөмірлері
- Иран Бахрейн, БАӘ, Катар және Кувейттегі Израиль мен америкалық базаларға жауапты соққы жасады
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
- Қазақстанда Ирандағы соғысқа байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтады
- 28 ақпан – Сирек аурулардың халықаралық күні: ДСМ былтыр 175,4 млрд теңге бөлді
- Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады
- Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды