Еліміздің екі облысында браконьерлерден киіктің мыңдаған мүйізі тәркіленді

cover Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ үйлестіруімен дериваттарды сату үшін киіктерді заңсыз аулаған деген күдікпен үш адамды ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

Полицияның мәліметінше, ұсталғандардан салмағы 400 келіге жуық 1127 киіктің мүйізі, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. 


«Ұсталғандарды және олардың байланыстарын одан әрі тексеру барысында 24 желтоқсанда Павлодар облысының Ресеймен шекарасында екі адамнан тұратын браконьерлердің екінші тобы ұсталды, олардың бірі - шетелдік азамат. Бұл адамдар 1882 киіктің мүйізін контрабандалық жолмен мемлекеттік шекара арқылы тасымалдауға тырысып, оларды алдын ала жүк көлігімен жабдықталған арнайы жасырынған орынға жасырған» деп жазылған хабарламада. 


Кеше ғана Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі ауылында мұз үстінде ойнап жүрген жасөспірім мұз жарылып,  суға батып кетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар