Еліміздегі жаңа лауазым: вице-президенттің өкілеттіктер ауқымы айқындалады
Фото: gov.kz
Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында вице-президенттің мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындау ұсынылып отыр, деп хабарлайды Orda.kz Конституциялық соттың баспасөз қызметіне сілтеп.
«Вице-президентті тағайындау президенттің ұсынысы бойынша Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен келісім алу арқылы жүзеге асырылады. Вице-президентті қызметтен босату президенттің өкілеттігіне жатады», – деді Конституциялық комиссия мүшесі, президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев.
Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді, сондай-ақ Мемлекет басшысының атынан Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Сонымен қатар вице-президент президент атынан Қазақстанның және шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми әрі мәдени-ағартушылық ұйымдарымен байланыс орнататын болады. Оның өзге де өкілеттіктерін президент өзі айқындайды.
Вице-президент институтын енгізуге байланысты Конституциядан мемлекеттік кеңесшіге қатысты нормаларды алып тастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ осы лауазымға үміткерге қойылатын талаптарды конституциялық деңгейде бекіту ұсынылады.
Атап айтқанда, вице-президент өкілді органның депутаты болмауы, өзге де ақы төленетін қызмет атқармауы немесе кәсіпкерлікпен айналыспауы тиіс. Өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ол саяси партияның мүшесі болмауы қажет.
Ержан Жиенбаевтың атап өтуінше, мұндай тәсіл саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдай қамтамасыз етуге бағытталған саясатқа толық сәйкес келеді.
Еске салсақ, биылңы 20 қаңтарда Қызылордада өткен Құрылтайда президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса сайлау екі ай ішінде өткізілетіні, сонымен қатар вице-президент лауазымы енгізілетіні туралы Тоқаев айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Құрылтай: депутаттарға қойылатын талаптар қандай болады
- Ата заңға Халық Кеңесіне арналған жеке бөлім енгізу ұсынылды
- Еліміздегі жаңа лауазым: вице-президенттің өкілеттіктер ауқымы айқындалады
- Прокурорлар мен тергеушілер адвокаттық лицензия алу үшін аттестациядан өтеді
- Эльвира Азимова: Конституциялық комиссия алдында айрықша миссия тұр
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына күдікті кеден қызметкері Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Ұлттық банк төрағасы: «Бәйтерек» несиелерінен инфляция өршімейді
- Талдықорғанда Қытай туы мен Си Цзиньпиннің портретін өртегендердің соты басталды
- Испаниядағы теміржол апаттарынан бес күнде 40-тан астам адам қаза тапты
- Түркістанда дәрігерлер 8 айлық сәбидің денесінен ине тапты
- Медициналық сақтандыруға қатысты даудан кейін қорды Гүлмира Сәбденбек басқаратын болды
- Қатты аязға байланысты Астанадан шығатын бес республикалық тасжол жабылды
- Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер басталды
- Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді
- Кәмелет жасқа толмаған қыз қаза тапты: Ұлынан айырылған ана әділдік іздеуде
- Мас кезінде көлік айдаған судья жұмысынан босатылды
- «Шымкенттегі бойжеткеннің қазасы»: Нұрайдың өліміне қатысты жаңа баппен іс қозғалды
- Балқаш ЖЭО-сы экологиялық заңбұзушылықтар үшін 21 млн теңгеге жуық айыппұл төледі
- Қарағандыда Серік Сәпиев өз орынбасарымен төбелесіп қалды
- Шарлапаев «Атамекен» ҰКП-ның төрағасы болып сайланды