Еліміздегі түйе еті өнімдері Жапония нарығына шығуы мүмкін

cover

«Foodtech Japan Tokyo» - бұл тамақ технологиясы және кәсіпорындарды автоматтандыру саласындағы Жапониядағы ең ірі көрме, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш көрмеде қазақстандық тарап тамақ өнеркәсібі саласында бірнеше ғылыми шешімдер ұсынды.

Ұсынылған жобалардың бірі – түйе еті өнімдері мен ет және көкөніс консервілерін өндіру технологиясы болды. Жобаны биология ғылымдарының докторы, профессор Серікбаева Әсия Демеуханқызының жетекшілігімен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің зерттеушілер тобы жүзеге асыруда.

Өнімде ақуыздың жоғары мөлшері (29,8% дейін) бар, әрі холестерин жоқ. Түйе етінде фосфор, калий, темір және А, В1, В2, В9, РР, С және Е дәрумендері мол.

Жапон нарығынан бөлек қазақстандық өнімдер Орталық Азиядан келген бизнесмендердің де қызығушылығын тудырды.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар