Еліміздегі болашақ АЭС атауына қатысты бір тәулікте 10 мың өтінім түсті
Фото: Pixabay
Қазақстанда бірінші атом электр станциясына үздік атау байқауы өтіп жатыр. Бастамаға деген қызығушылық орасан зор: алғашқы 24 сағатта қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы 10 мыңға жуық нұсқа жіберді, деп хабарлайды Orda.kz.
Байқау 25 қыркүйек күні күндіз басталды. eGov Mobile қосымшасында «АЭС атауын ұсыныңыз» деген арнайы баннер пайда болды, ал пайдаланушыларға жобаның іске қосылғаны туралы хабарламалар жіберілді. Нәтижесінде 26 қыркүйек күні сағат 12: 00-ден 12: 00-ге дейін 9945 ұсыныс келіп түсті.
Бұған еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады: қазақ немесе орыс тілін таңдап, өз нұсқаңызды енгізіп, қаласаңыз оның мағынасын түсіндірсеңіз жеткілікті. Өтінімдерді қабылдау 10 қазан күнгі түннің ортасына дейін жалғасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, атау болашақ станцияның мәдени, тарихи және ұлттық мәнін ашуы тиіс. Байқау ережелерімен Атом энергиясы агенттігінің сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілерінде танысуға болады.
Бұған дейін біз Қазақстанның атом электр станциясы құрылысы барлық кезеңде МАГАТЭ қолдауына ие болатынын жазғанбыз. Бұл туралы Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси Венада өткен кездесуде келісті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде тағы бір АЭС-тің Абай облысында салынуы мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін Қазақстандағы алғашқы толыққанды АЭС-ті салу құқығына Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Корея таласқан болатын.
Қыркүйек айының басында атом энергиясы агенттігінде Алматы облысында салынатын бірінші атом электр станциясының үздік атауына байқау өткізу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жаңалықтар
- Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығып қалды
- Саясаткер жаңа Конституция жасауды ұсынды
- Төбелестен кейін жұмыстан кеткен Сәпиев бірден жаңа қызметке тағайындалды
- Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Украина ресейлік клубтарды еуропалық додаларға қатыстыруға қарсылық танытты
- Талдықорғанда ер адам әйелі мен 3 жастағы баласын аяусыз соққыға жықты
- Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов төбелестен кейін қызметтен кетті
- Қазгидромет ескертеді: Бірден 10 облыста қауіпті метеорогиялық құбылыс
- Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын анықталды
- АҚШ Иранға соққы жасамайтын болды: Тараптар келіссөзге уағдаласты
- Актер Айбек Байназаровты даулы мәлімдемесі үшін жазалауға бола ма: Заңгер түсіндіреді
- Ресей елшілігі адыраспанға қатысты Қазақстан тұрғындарына күтпеген үндеу жасады
- Әсет Ерғалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды
- Қазақстандықтарды цифрлық бақылауда ұстап, салығын есептейтін жүйе құрылды
- Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу салынды
- «Сен сияқтыларды колонияға қамау керек»: Алматы облысында болған оқушы өліміне кім кінәлі?
- Еуроодақ Иран Қорғаныс күштерін террористік ұйым деп таныды
- Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті күйеуі мен енесі Мәскеуде болуы мүмкін
- Иранда «Оскар-2025»-ке үміткер сценарист ұсталды
- Астаналық «емші» TikTok-тан тапқан ақшасын құмар ойынға тіккен