Елімізде азық-түлік өндірісі 1,4 есеге артты
Елдің агроөнеркәсіптік кешенінде тұрақты өсім байқалып отыр. Бұл үрдіске ауыл шаруашылығына көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау ықпал етуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Соңғы жылдардағы маңызды нәтижелердің бірі – азық-түлік өнімдері өндірісінің айтарлықтай артқаны. Егер 2021 жылы бұл көрсеткіш 2,3 трлн теңге болса, 2024 жылы 3,3 трлн теңгеге жеткен. Яғни өсім — 1,4 есеге артқан.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша да оң динамика сақталып отыр.
«Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,8 трлн теңге болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өсті. Азық-түлік өндірісі 10%-ға артып, 1,8 трлн теңгеге жетті. Ал сусын өндірісі 5%-ға өсіп, 566,8 млрд теңге болды», деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2021 жылдан 2024 жылға дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11,3%-ға өсіп, 7,5 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде өсімдік шаруашылығының үлесі 4,4 трлн теңгеден 5 трлн теңгеге дейін ұлғайса (+14%), мал шаруашылығы 3 117 млрд теңгеден 3 290,1 млрд теңгеге дейін өскен (+5,6%).
Саланың басқа да негізгі көрсеткіштері бойынша оң үрдіс байқалады.
АӨК өнімі экспорты 1,3 есеге өсіп, 3,8 млрд доллардан 5,1 млрд долларға жеткен.
Ауыл шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2 есеге артып, 772,5 млрд теңгеден 919 млрд теңгеге жетті.
Азық-түлік өндірісіне инвестициялар 118,3 млрд теңгеден 180,3 млрд теңгеге дейін артқан.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 5 млн теңгеге жетіп отыр (2021 жылы — 3,4 млн теңге).
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жеңілдетілген бағамен сатып алуға арналған цифрлық ваучер жайлы түсініктеме берді.
Жаңалықтар
- «Отаныма разымын»: Шайдоров Қазақстан халқына ризашылығын білдірді
- Ұлттық талдау орталығы: Отандық өнімді тұтыну — Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
- Қазақстандық Анна Данилина әлемнің жетінші ракеткасы
- Қысқы Олимпиада-2026: Жарыстың 15 ақпандағы нәтижесі
- Қазақстан McDonald’s желісін етпен қамтамасыз ете алмады
- Павлодар облысында екі адамның мәйітін үйінде сақтаған кейуанаға қылмыстық іс қозғалды
- Қонаевтың жиені, белгілі энергетик Алтай Қадыржанов қайтыс болды
- Жетісуда жолға шықпау туралы ескертуді елемеген бес көлік апатқа ұшырады
- Алматыда өткен Winter Run жарысына 22 елден 2 500 адам қатысты
- Балалар онкологиясымен күрес күні: Қазақстандағы негізгі көрсеткіштер
- Ирандағы аятоллалар режиміне қарсы Мюнхенде жаппай митинг өтті
- Шымкентте аяусыздықпен ажал құшқан Нұрай Серікбайдың 40 күндік асы берілді
- Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
- Олимпиада-2026: Қазақстан тарихындағы трамплиннен секіруден ең үздік нәтиже
- Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды
- Зеленский: Талап Украинаға ғана қойылады
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды