Елімізде 30 мың жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

cover

2020 жылдың желтоқсанындағы жағдайға сәйкес республика бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1069 кәсіпорнында 30,8 мың қызметкерге 3,52 млрд теңге жалақы қарызын анықтаған. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жұмысшыларының алдында қарызға батқан кәсіпорын басшыларына 731 міндетті нұсқаулық шығарылып, 97,6 млн теңге айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, 29,5 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. Оларға 3,4 миллиард теңге төленді.

Іс-шара аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 900 тексеріс жүргізіп, 6 100 ҚР еңбек заңнамасын бұзушылықтарды анықтады. Жалпы 174,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар