Елбасы Қаржы министрлігі экс-басшысының отбасына көңіл айтты

cover kazpravda.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР бұрынғы қаржы министрінің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Елбасы Александр Батсуланың өлімі туралы хабарды ауыр қабылдағанын атап өтті, деп хабарлады Orda.kz.

Назарбаев Александр Батсуланың қарапайым есепшіден Қазақ КСР Қаржы министрлігінің басшысына дейін кқтерілгенін еске алды. Елбасы оның республика қаржы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқандығын айтты.

– Мен Александр Ефимовичті республикалық Министрлер Кеңесінде бірлескен жұмысымнан жақсы білетінмін. Ол жоғары кәсіби шеберлігімен, терең құзыреттілігімен, принциптерге беріктігімен, тамаша адами қасиеттерімен ерекшеленді, - деп жазды Қазақстанның Тұңғыш Президенті жеделхатта.

Александр Батсуланы білетіндердің жүрегінде ол туралы естелік мәңгі қалады, деп қосты Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар