«El Tiregi» партиясы Сберге қарсылық білдіріп, митингке шықты

Алматы қаласы Шоқан Уәлиханов алаңында тіркелмеген «El Tiregi» партиясы қала белсенділерінің қолдауымен рұқсат етілген митингке шықты. Олар Қазақстан үшін ресейлік Сбердің цифрлы платформа жасауына қарсылық білдірді.
Оқиға орнынан Orda.kz ақпарат таратып жатыр.
Митингке қоғам белсенділері мен саясаткерлерден тұратын 40 шақты адам шықты, басында әнұран айтылды. Кейіннен тіркелмеген партияның мүшелері мен қоғам белсенділері кезектесіп сөз сөйледі. Жер, саяси тұтқындар туралы сөз қозғағандар да бар.
Алаңға шыққандар қолдарына «El Tiregi» партиясының туы мен ҚР мемлекеттік туын ұстап шықты. Белсенділер «Сберге жол жоқ!, 42500 төленсін!, Саяси тұтқындар бостандыққа шықсын!» деген мәтіні бар плакаттар ұстап алған.
Тіркелмеген партияның жетекшісі Нұржан Әлтаев «қазақстандықтардың жеке мәліметі Ресейдің қолына түседі» деп ойлайды.
– Біз Сбермен байланыс жасауға қарсымыз. Бұл дегеніңіз барлық жеке мәліметтерді көршілес Ресейдің қолына бере салу. Біз неге басқа платформамен жұмыс істемейміз. Мусиннің айтқандары далбаса сөз. Мен оған сене алмаймын, - деді Әлтаев.
Митингке келгендердің қатарында өзін «заманауи жырау» деп атайтын рэп орындаушысы Жан Ахмадиев те болды. Ол өз шығармашылығынан екі туындысын орындады.
Алаңға келгендердің қатарында журналист, оппозиционер Ермұрат Бапи да болды. Ол өз кезегінде митингке келген адамдардың аз екендігін, көтеріліп отырған тақырыптың ауқымды екендігін алға тартты.
– Сбер мәселесіне байланысты Дат газетінің соңғы нөмірінде алты бет бердік. Бұл ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздігімізге тікелей қатысты мәселе. Соған жүрегі ауырмайтын, салғырт, марғау, ұйқыда жатқан халықтың келген түрі осы. Бірақ осыны ұйымдастырып жатқан жігіттерге алғысымды айтамын. Біздің наразылық шектелмейді. Оны билік те, тәуелсіздігімізге көз тігіп отырған көршілес елдерде білсін,- деді Бапи өз сөзінде.
Жаңалықтар
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
- Тоқаев алғысын айтты: Антикор басшысы Асхат Жұмағали қызметінен кетті
- Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
- Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
- «Жалған ДНҚ»: Қарағанды соты сәбилерді заңсыз асырап алу ісі бойынша үкім шығарды
- Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
- Адам Кадыровтың үйлену тойына Қазақстан елшісі қатысты
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры