Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады

cover

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері қазақстандықтар 1,7 трлн теңгеден астам зейнетақы алғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– 2021 жылдың қаңтарынан тамызына дейін: міндетті зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 547 млрд теңге, ерікті зейнетақы төлемдері - 1 трлн 236,7 млрд теңге бөлінді. Тамыз айында зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 221,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның 68,1 млрд теңгесі – міндетті зейнетақы төлеуге, 153,7 млрд теңге – ерікті зейнетақыға, - делінген министрлік хабарламасында.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 235 мыңнан астам адамды құрады.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (міндетті зейнетақы төлемін ескере отырып) 1 қыркүйекке 99 857 теңге болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар