Диссидент ақын Арон Атабектің жазасы жеңілдетілді
Бүгін Павлодар қаласының №2 соты Арон Атабектің жазасын оның сырқатына байланысты жеңілдетіп, бостандыққа шығарды.
Бұл туралы Orda.kz соттың сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Сот ол кісіде жазылмайтын ауру бар екенін ескерді. Ақынның мойын омыртқааралық сүйектерінің зақымдалуы, жұлынның мойын деңгейінде т.б. сырқаттары бар.
– Бұл ауру ҚР Ішкі істер министрінің 19.08.2014 жылғы №530 бұйрығымен бекітілген сотталғандарға жазаны өтеуден босатуға негіз болатын ауруларының тізіміне енгізілген, - деп түсіндірді сот.
Заң бойынша жазасын өтеуге кедергі келтіретін ауыр сырқатпен ауыратын адамның жазасы жеңілдетілуі, не болмаса бостандыққа шығарылуы керек.
– Заңда көрсетілген мән-жайлар мен процеске қатысушылардың пікірін ескере отырып, сотталушы пробациялық бақылау орнатып, міндеттер жүктей отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған адам мен процеске қатысушылар апелляциялық сотқа шағымдана алады, - делінген соттың баспасөз хабарламасында.
Жоғарғы соттың сотпен қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсановтың айтуынша, ол бүгін босатылады.
Ал құқық қорғаушы Елена Семенова Orda.kz сайтына Атабектің тек 15 күннен кейін толық босатылатынын айтты.
- Ол әлі босатылмайды, үкім 15 күннен кейін күшіне енеді. 15 күннен кейін босатылады, - деді Семенова.
Сонымен қатар қарт ақын 3 жыл үйқамақта болып, пробациялық бақылауда болады.
Қыркүйек айының соңында құқық қорғаушылар Арон Атабектің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Бұған дейін олар Қазақстан президенті әкімшілігіне Атабекке рақымшылық сұрап петиция жолдаған.
Еске салсақ, 2006 жылы Алматыдағы «Шаңырақ» оқиғасынан кейін Арон Атабек 18 жылға сотталды. Азаматтық қоғам өкілдері оның денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Осы жылдың тамызында түрмеде Атабекпен кездескеннен кейін Ұлттық алдын алу механизмі мүшелері ақынның жағдайы айтарлықтай нашарлағанын хабарлады.
Жаңалықтар
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады
- Музейлер түні 2024: Алматы мен Астананың толық бағдарламасы
- Бішкекте шетелдіктермен төбелес болып, мыңдаған адам көшеге шықты
- Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
- Бектенов Тоқаевқа су тасқыны зардаптарын жою туралы баяндады
- Жыл басынан бері мемлекет пайдаланылмай жатқан 645 мың гектар жерді қайтарды
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды
- Атырау облысының әкімі Шәпкенов төтенше жағдайларды жою жөніндегі штаб отырысын өткізді
- «Азаттық» тілшісіне қоқан-лоқы жасалды