Диссидент ақын Арон Атабек Алматыға ұшып келді

«Шаңырақ» оқиғасына қатысты кесілген 18 жыл түрме жазасының 15 жылын өтеп болған диссидент ақын Арон Атабекті журналистер, жақтаушылары мен туыстары Алматы әуежайында күтіп алуға жиналды.
Желтоқсан оқиғасына қатысушыларының атынан сөйлеген Гүлбахрам Жүніс Арон Атабекті бірден жедел-жәрдеммен аууханаға алып кететіндігін айтып өтті.
Көпшілік күткен ақын халық алдына шықпады. Ақынның қызы Алма әкесін басқа есіктен бірден жедел-жәрдем көлігімен алып кеткенін жеткізді.

Жиналған халық «Арон Атабек!» деп айғайлаумен болды.
Ол жазасын аяқтауына небәрі 3 жыл қалғанда денсаулығына байланысты босатылды. Оның бір жылын бақылауда өткізетіндігі туралы хабарлағанбыз.
Orda.kz журналистері өмірінің 15 жылын түрмеде өткізген диссидент ақынның жағдайға байланысты пікірін білгісі келіп әуежайға барған болатын. Дегенмен Арон Атабек халық алдына шықпады.
Арон Атабекті көруге келген жұрт ұзақ уақыт әуежайдан тарқай қоймады.

Күннің суығына қарамай жиналған көпшіліктің арасында ақ кимешекті әжелер де бар.

1 қазан күні Павлодар қаласының №2 соты Арон Атабектің денсаулығына байланысты жазасын жеңілдету жөнінде түрме әкімшілігі тарапынан берілген өтінішті қанағаттандырды. Сот мәліметінше дәрігерлер Арон Атабектің дауасыз сырқатқа (омыртқа шеміршегінің зақымы) ұшырағанын растаған.
Әйгілі диссидент ақын 2006 жылы «Шаңырақ» оқиғасынан кейін 18 жылға бас бостандығынан айрылып, оның 15 жылын өтеп болған. Дегенмен бір апта бұрын оның сырқаты меңдеп, ауруханаға түскен.
Құқық қорғаушылар Арон Атабекті саяси тұтқын деп таныған. Ең алдымен оның денсаулығына байланысты халық алаңдаушылығына себеп болған Қазақстандағы Ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) қатысушылары болды. Олар түрмедегі ақынның жағдайының нашарлығын алғаш айтып, пікірталастарға түрткі болды.

Осыдан кейін БАҚ өкілдері жарыса жазып, әлеуметтік желіде оның түрмедегі суреті таратыла бастады. Азаматтық қоғам өкілдері президентке хат жазып, ақынды босатуды сұраған болатын.
Халық біраз уақыт бойы тарқамай «Арон Атабек!» деп ұрандатумен болды.
Авторы: Ләззат Нұрсапақызы
Материал дайындауға қатысқандар: Ильдар Адильченов, Бек Байтас, Дархан Халил
Жаңалықтар
- «Қашып үлгермеді»: Алматы облысында төбеттер бастауыш сынып оқушысын талап тастады
- «Буындырып тастаймын»: Екібастұзда ойын алаңындағы балаға бір әйел шабуыл жасады
- Даниал Ахметовтің күйеу баласы ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
- Екатеринбургтегі азаптау: Әзірбайжан Ресей күш құрылымдарына қарсы іс қозғады
- Талдыкөлден су тартқан Алматы әкімінің бауырлары жазалана ма?
- «Құлағын жұлып алды»: Алматы облысында 10 жастағы баланы төбеттер талап тастады
- Дәурен Абаев Адам Қадыровтың тойына не себепті барғанын түсіндірді
- Ең ауыр жаза – 22 жыл: Ақтөбеде төбелес шығарған 10 айыптыға үкім шықты
- Тоқаев алғысын айтты: Антикор басшысы Асхат Жұмағали қызметінен кетті
- Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
- Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
- «Жалған ДНҚ»: Қарағанды соты сәбилерді заңсыз асырап алу ісі бойынша үкім шығарды
- Атырауда ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орнында өлтіргені үшін сотталды
- Адам Кадыровтың үйлену тойына Қазақстан елшісі қатысты
- Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді
- «Генерал-майор»: Қазақстанда әскер қолбасшысы ұсталды
- Әділет экс-министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды
- Бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды
- «Жат елден бұйырған топырақ»: Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің ғұмыры