Димаштың жанкүйерлері «Самалтау» әнін украин тілінде орындады

cover

Димаш Құдайбергеннің украиналық жанкүйерлері қазақтың халық әні «Самалтауды» өздерінің ана тілінде шырқады, деп Украинаның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.  

Димаштың «Самалтау» әнін алғаш рет Қытайдың Фучжоу қаласында 2019 жылдың 20 қазанында өткен Жібек жолы халықаралық кинофестивалінің жабылуында орындаған.

«Музыканттардың қазақтың халық аспаптарында орындайтын композициясы қиялды қазақ халқының алыс трагедиялық тарихына көшіреді», - деп жазды елшілік.

https://www.youtube.com/watch?v=OLrFs0WRxgY&feature=emb_title

Енді әуезді әнді Димаштың украиналық жанкүйерлері шырқады.

Бұл Димаштың бүкіл әлем сүйіп тыңдайтын әнінің алғашқы орындалуы емес. Оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі әншінің жанкүйерлері өз тілдерінде орындаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар