Димаш Әлжанов ұнтақ салынған пакет тасталғанын хабарлады
«Oyan, Qazaqstan» азаматтық қозғалысының белсендісі, саясаттанушы Димаш Әлжанов өзінің Facebook-тегі парақшасында «пәтерімнің есігіне белгісіз ұнтақ салынған пакет байланған» деп жазды. Ол ORDA. редакциясына бұл соңғы уақытта онымен болған алғашқы оқиға емес екенін айтты.
«Досым сенбі күні менің үйімнің есігінде тұрған пакетті байқайды, ішінде ақ ұнтақ. Пакет есіктің тұтқасына таспамен байланған. Ол оны суретке түсіріп, арандатудан қорқып, лақтырып жіберген. Менің ол кезде үйде болмадым», - деді Димаш Әлжанов.
Сондай-ақ, ол өткен жылдың аяғынан бастап осындай оғаш жағдайлар орын алғанын айтты.
После шантажа незаконными записями моей личной жизни в конце 2020 г., начались провокации и акции запугивания со стороны...
Опубликовано Dimash Alzhanov Понедельник, 15 февраля 2021 г.
«Бұған дейін де есіктің саңылауларынан газетке оралған, порошок тәріздес зат табылды. Мен оған қолымды тигізбедім, апшадым. 10 қаңтарда «Oyan, Qazaqstan» белсенділерімен митингке дайындалдық. Келесі күні менің кіреберісімдегі интернеттің оптикалық-талшықты кабелі кесілді. Мені Сорос қорымен және ЛГБТ қауымдастығымен байланыс жасады деп айыпталған бейнелер де болды. Менің жеке өмірімнің заңсыз жазбаларымен бопсалау болды», - деп атап өтті Әлжанов.
Саясаттанушы адвокаттармен әрі қарайғы іс-әрекеттер туралы талқылап жатқанын және белгісіз адамдардың бұл айла-шараларының артында ел билігі тұруы мүмкін деген күдіктерімен бөлісті.
«Әлбетте, бұл арнайы қызмет адамдары деп ойлаймын. Менің ойымша бұнда өзіндік логика мен әрекет бар. Мұндай әрекеттер тізбегі жалғаса береді: бірінші тұлғаларды сынға алу, наразылықтарға қатысу, митингілер, өткен сайлау, дауыс беру науқанына наразылық, ЕҚЫҰ және ЕКПА-мен (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) кездесулері, баламалы реформалар пакетінің алдағы таныстырылымы».
Сондай-ақ, оның айтуынша «саяси белсенді адамдардың барлық қызметі 90-жылдардың аяғында да, қазір де жоғары тәуекелдерге байланысты».
Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис билік тарапынан мұндай саяси белсенді азаматтарды қорқыту бағытында жүргізілетін әрекеттер - Қазақстан үшін «әбден шынайы» екенін айтады.
«Бізде экстремизм желеуімен саяси оппозиция белсенділер жиі күдіктеледі. Олар таңдап әрекет етеді, бірақ айтарлықтай ресурстар осы іске бағытталған. Біреулері қадағалаумен айналысады: бірі сыртқы бақылау жүргізеді, біреу телефон желілерін тыңдайды, біреу технологиялардың қаншалықты жеткілікті екенін бақылайды. Одан да маңызды нәрселермен айналысатындар да бар. Сондықтан бұндай жағдайларды мен жоққа шығара алмаймын. Сұрақ басқаша: кімге және неге қатысты екендігінде. Ешкім бұдан қорғалмаған. Әрине, бұл қорқыту және шексіз мүмкіндіктерді көрсету. Екінші жағынан, бұл дабыл көрінісі болуы мүмкін — «жігіт, абай болыңыз, саясатқа араласпаңыз» дегендей. Ия, әрине, мұндай жағдайларда сіз арнайы комитеттерден күдіктенесіз. Бірақ оппозицияны қорқытуды шешкен үкіметке қарсы элиталық топтар да жоқ емес. Басты мақсат - мүмкіндіктерін көрсету және қорқыту», деп нақтылады Жовтис.
Құқық қорғаушы онымен болған жағдайды да есіне алды.
"2004 жылы менің көлігіме есірткі лақтырылды. Әйелім екеуміз таптық. Мен пакетке қол тигізбестен, бірден полицияға апардым. Бұны жасағандарға қарсы қылмыстық іс қозғауға тырыстым. Бірақ, әрине, ешкім табылған жоқ"
Евгений жовтис
«Ал сараптамаға жіберілген ұнтақ есірткі емес, белгісіз затқа айналды. Жалпы, бәрі түсінікті еді. Одан басқа да жағдайлар бар: Нұрболат Масановтың (ғалым) — беделін түсіретін аудиожазба жариялау, тіпті, қандай да бір митингке шықпасын деп оның есігі бетондалды. Әміржан Қосановқа (саясаткер) гүл шоқтарын жіберді. Ирина Петрушоваға (журналист) иттің кесілген басын лақтырды. Саяси қарсыластарына бағытталған осындай қорқыту тәсілдері — Еуропарламенттің (Қазақстанға) шығарған қарарына пункттар қосуға итермелейді. Бұл біздің елімізді 30 жыл бұрынғы Латын Америкасына мен оңтүстік-шығыс Азия деңгейіне түсірді.
Мұндай қадамдарда логика мен мақсат жоқ, бірақ Навальныйдың улануына байланысты Еуропа Ресеймен «клинчте» болған жағдайда арандатушылық болып табылады. Сондықтан бұл жай ғана демонстрация. Бірақ не үшін екені түсініксіз».
Құқық қорғаушы мұндай жағдайларда тергеуге қол жеткізу, мүмкіндігінше көпшілік алдында болу және халықаралық деңгейде назар аударту қажет деп кеңес берді.
«Мүмкіндігінше ешқашан жалғыз қалмауға тырысу керек. Жаныңда сенің сөзінді растайтын адам болу керек. Екіншіден, сіз күдікті нәрсені көргенде, ең алдымен өзіңіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуіңіз керек. Дереу видеоға түсіріп, мән-жайды баяндау керек, ештеңені қолмен ұстамаңыз. Сізге не істеу керектігін айтатын адвокат табу керек. Егер күдікті нәрсе болса, полицияға хабарласу керек. Әсіресе қазіргі уақытта біз терроризммен күресіп жатқан кезде — олар белсенді азаматтың күдікті затты көргенін білуі керек. Азаматтық белсенді, журналист, құқық қорғаушы, саясат туралы сөз болғанда, максималды жариялылық қауіпсіздікке айтарлықтай кепілдік береді»,- деп қорытындылады Құқықтар жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюросының директоры.
Авторы: Бағдат Асылбек
Жаңалықтар
- Қазақтың дауылпаз ақыны Олжас Сүлейменов 90 жасқа келді
- Қатаң жазаға дайынмын: Сұлтан Сәрсемалиев сотта қылмысын мойындады
- Владимир Зеленскийдің ең жақын серігі Андрей Ермак тергеу абақтысынан шықты
- Стамбұл–Измир тас жолында жолаушылар автобусы аударылды: Көптеген жарақат алғандар бар
- Құрбан айттың құрметіне — 27 мамыр демалыс күні
- БАҚ: Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін қызметтік көлікпен қағып өлтірді
- БАӘ аумағына дрондар шабуыл жасады: Олардың бірі атом электр станциясы маңына түскен
- Тағы бір ресейлік азамат ХҚКО-да шу шығарды
- Атырауда қайын жұртын қырып тастаған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды
- Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды
- Куба дәл Иран сияқты енді АҚШ-қа қарсы әскери әрекеттерге дайындалып жатыр
- АҚШ-та авиашоу кезінде екі әскери жойғыш әуеде соқтығысты
- Түрмеде жатып бизнес жасап, бостандықтағы азаматтардың қалтасын қаққан адамға жаза қосылды
- Астанадағы LRT пойыздарының жолда «тұрып қалған» себебі белгілі болды
- Ақтөбелік емші Динара Сәтжан мен Баян Алагөзоваға тиісіп, істі болды
- Қырғыз президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі сайлау алдында әлем көшбасшыларына үндеу жасады
- АҚШ пен Иран келіссөзді қайта бастау үшін тағы да бір-біріне талап қойды
- АҚШ-та ЖИ арқылы қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақ баласы марапатталды
- Алматыда «Абай ұлттық мектебі» жаңа кампусы таныстырылды
- Елімізде жусаннан болатын аллергияға қарсы дәрі жасалды