Димаш Құдайберген Қытайда көрсеткен өнерін желіге жүктеді

cover

«Әлемдік шоу-бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін Қытайға оралдым» деген әнші Димаш Құдайберген шетелдегі студент кинофестивалінде көрсеткен өнерін желіге жүктеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

28 қыркүйекте Димаш Бейжің студенттік кинофестивалінде өзінің «Screaming» әнін орындады. Бұл композиция өзінің алғашқы қытайлық «iD» альбомында шыққан.

Қытайлық арналар үшін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Димаш Құдайберген қытайша сұрақтарға қазақ тілінде жауап берді. Әншінің оқырмандары осы қылығына риза болып, пікір қалдыруда.

 – Осыдан екі жыл бұрын жұмыс бабымен Қазақстанға қайтып барған едім. Жоспар бойынша 20 күн болуым керек еді, пандемия басталып кетіп екі жыл Қытайға келе алмадым. Сахнаны да, көрермендерді де сағынып қалыппын. Көргеніме қуаныштымын! - деді Димаш баспасөз конференциясында.

Пекин студенттер кинофестивалі-Қытайдағы ең ірі кинофестивальдердің бірі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар