Денсаулық сақтау министрі мансабының басында кішкентай баланы өлтіріп ала жаздаған

cover Фото: ашық дереккөзден

ҚР парламенті мәжілісі алаңында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният науқасты емдеудегі алғашқы дәрігерлік қателігі туралы естеліктерімен бөлісті.

«Алғашқы қателігім есімде жақсы сақталған. Ішек инфекциясы бар баланы емдедім, баланың температурасы төмендеді, бәрі жақсы. Үшінші күні температура қайтадан күрт көтерілді, бала бозарып кетті. Бәрі есімде. Содан мен әріптесімнен көмек сұрадым, екеуміз бірге қарадық. Мен ішек инфекциясын емдедім, ал балада өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы болған» деп түсіндірді Ғиният.

Министр бала сауығып кеткенше оның жанында болғанын айтты.

«Бала, әрине, аман қалды. Бірақ ол сауығып кеткенше жансақтау бөлімінен шықпадым» деп нақтылады министр.

Айта кетсек, бүгін 19 қыркүйекте мәжілісте денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты түзетулер таныстырылды. Осылайша, медициналық қызметкерлерді міндетті сақтандыру арқылы медициналық қателер үшін келтірілген зиянды өтеу ұсынылып отыр. Бұл жұмысты ізгілендіруді қамтамасыз етеді.

2023 жылдан бастап медициналық ұйымдарға дәрігерлердің қызметін сақтандыру аясында науқастарға келтірілген залалды өтеу, ал 2025 жылдан бастап дәрігерлерге медициналық ұйымдардың жартысынан астамын төлеу ұсынылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар