Денсаулық сақтау министрі балалардың ораза ұстауына қарсы шықты

cover Фото: Al Jazera

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың ораза ұстауына қарсы пікір айтты.

Мәжіліс дәлізінде журналистер министрден балалардың денсаулығына ораза ұстау қаншалықты қауіпсіз екенін сұрады. Министр балалардың ағзасы тез өсіп, зат алмасудың жоғарылауына байланысты көп энергия жұмсайтынын атап өтті. Сондықтан бала жұмсайтын энергияны дер кезінде толықтыру керек.

«Әрине, мұны әрбір ата-ана ең алдымен түсінуі керек және баланың болашақта дамуы үшін уақтылы, сапалы, теңгерімді тамақтану өте маңызды деп есептеймін. Әр ата-ана жасына қарай балаға рұқсат беру-бермеуді өзі шешеді. Менің ойымша, белгілі бір жасқа дейін бала әлі де қоректік диета қабылдауы керек. Мен 16-17 жасқа дейін, барлық мүшелер толық қалыптасқанша ораза ұстаудың қажеті жоқ деп ойлаймын» деді Ақмарал Әлназарова.

2024 жылы қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуірдің 5-нен 6-сына қараған түн – Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар