Былтыр 300-ге жуық қылмыстық топ басшылары мен мүшелері сотталды

cover Фото: ҚР ІІМ мұрағаты

Былтыр Қазақстанда қылмыстық қауымдастықтардың 299 басшысы мен мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Orda.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға басшылық ету деректері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 10 іс трансұлттық арналарға қатысты. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару тәркіленді.

«Қабылданған шаралар қылмыстық топтарды қаржыландыру мен қамтамасыз етудің тұрақты арналарының жолын кесуге, сондай-ақ олардың экономика мен қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын жоюға мүмкіндік берді», — деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов. 


Айта кету керек, Бас прокуратураның өзі былтыр Қазақстанда  есірткімен аналысатын 15 ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) жойылғанын хабарлады. 

2024 жылы  Астанада трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық етіп, алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет аса ірі мөлшерде тыйым салынған тауарды шекарадан өткізген ұйымдасқан топ ұсталды. Ақтөбе облысында заңсыз онлайн-казино ойынын ұйымдастырған  қылмыстық топ анықталды.

Сондай-ақ, былтыр бес ай ішінде 95 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, 18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

Тақырыпқа қатысты оқи отырыңыздар:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар