Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады

cover Фото: Instagram/ zhanat_karatay

Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жоспардан тыс тексерісті аяқтады. Тексеріс Әлібек Қаратаевтың өтініші негізінде басталған еді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ведомство өтініш берушінің уәждері расталғанын мәлімдеді. Жұмыс беруші еңбек заңнамасы нормаларын жүйелі түрде сақтамаған. 

«Атап айтқанда, қызметкерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұстап қалу фактілері, төлемдерді жүйелі түрде кешіктіру, нақты жұмыс істелген уақыт есебінің болмауы және мереке мен демалыс күндеріндегі жұмыс үшін еңбекақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу талаптарының сақталмағаны тіркелді»,  деп хабарлады ведомстводағылар. 

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетейік, Айта кетейік, бұған дейін Жанат Қаратай өзінің Threads әлеуметтік желісінде аутизмі бар Әлібек есімді ұлын жұмыстан шығарғалы жатқанын жазған болатын. Көп ұзамай компания шетелдік екі басшыны жұмыстан шығарды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар